KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887672
2019 жылы:  21387
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.03.2013

   2013 жылы 15 наурызда сағ.15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Көрме залында белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы Қожықовтың 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті.

   Ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық кітапханасының «Інжу-маржан» өнер клубы. Кеш модераторы белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Шәріп.

    Сұлтанахмет Қожықов (1923-1988) – кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Жамбыл қаласында дүниеге келген. Бүкілодақтық кинематография институтының режиссерлік факультетін бітірген соң (1953, ұстазы А.Довженко) «Қазақфильм» киностудиясында режиссер, 1974 жылдан бастап осы студияның көркемдік жағын басқарды. «Ана мен бала» фильмі режиссердің өз сценарийімен түсірілген алғашқы туындысы болды. «Біз Жетісуданбыз», «Егер біздің әрқайсысымыз...» фильмдерінің сценарийін жазуға қатысып, «Шыңдағы шынар», «Қыз Жібек», «Панфиловшылар», әйгiлi балуан Қажымұқан туралы «Бiздi бiлiп қойыңдар»  т.б. көркем фильмдерін түсірді. 1972 жылы режиссер ұлттық кинематографияның мақтанышына айналған «Қыз Жібек» фильмі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. КСРО-ның «Қызыл Жұлдыз» орденімен және медальдармен марапатталған. 

   Кеште С.Қожықовтың 90 жылдығына арналған Б.Нүсімбековтың деректі фильмі көрсетілді.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан  Сұлтанахмет Қожықовтың өмірі мен қызметіне арналған «Кемел суреткер»  атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

   Кеште режиссер Болат Нүсімбеков,  туысы Сәуле Қожықова, Қасым Бегалин, дыбысрежиссер Қадыржан Қосай, театр және кино әртісі Меруерт Өтекешова және оқырмандар өз ойларымен бөлісті.

     

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование