KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887653
2019 жылы:  21368
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.03.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқырман залында белгілі қазақ ақыны, жазушы Рафаэль Ниязбековтің 70 жылдығына орай «Елдік пен ерлікті жырлаудан танбаған»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Рафаэль Ниязбеков 1943 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған. 1961 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Талас аудандық «Ленин жолы»  газетінің редакциясында  қызмет  атқарды. 1978 жылы С.М.Киров  атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1967-1971 Қазақ радиосының әдебиет редакциясында, 1971-1977 «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 «Жазушы»  баспасында редактор болып істеген.

   Ақынның алғашқы «Келер күндер» атты жыр жинағы 1969 жылы басылып шықты. Кейінгі жылдары бірнеше жыр жинақтары: «Айбозым менің», «Махамбет майданы», «Қыдыр ғұмыр», «Жібек жолы» т.б. сонымен қатар «Қызыл үй», «Тас құдай»  романдары және «Отағасы», «Қаңтар» атты повестері жарық көрді. «Қыдыр ғұмыр» атты кітабында аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, академик, үш дүркін Еңбек ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолдарын суреттеген. Кітап «Қонаевтың зиялы заманында», «Желтоқсанның ызғарлы қабағында», «Қонаевтан кейін немесе жайын ауыз нарықтың аранында» деген көлемді үш бөлімнен тұрады.

   Р.Ниязбеков Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері, Шешен Республикасының Жоғарғы Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Б.Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері, Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.

    Кітап көрмесінде Р.Ниязбековтің өмірі, еңбек жолы туралы материалдар және оның шығармалары:  «Келер күндер» (1969), «Қаратау мен Алатау» (1971), «Темірқазық» (1973), «Жалын кешкен» (1975), «Жер жарығы» (1977), «Отағасы» (1978), «Өркен» (1980), «Қаңтар» (1981), «Биіктей бер, Тауларым!» (1983), «Хозяин очага» (1985), «Қызыл үй» (1986), «Жетіген» (1990), «Тас құдай» (1996), «Қыдыр ғұмыр» (2002), «Махамбет майданы» (2003), «Жүрегімде – ғасырлардың салмағы» (2003), т.б. еңбектері  ұсынылған.

    Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование