KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887706
2019 жылы:  21421
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.03.2013

   2013 жылы 26 наурызда сағ. 15.00-де Көрме залында Халықаралық театр күні қарсаңында  Қазақстанның халық әртісі Серке Қожамқұловқа арналған еске алу кеші өтті. Кеш барысында «Шеберлік шыңы» – «Вершина мастерства» кітабының тұсаукесері болды.

   Кеш модераторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығай.

   Сералы (Серке) Қожамқұлов (1896-1979) – қазақтың театр және кино актері, Қазақ  КСР-нің халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері.

   1896 жылы 5 мамырда Торғай облысында дүниеге келген. Алғашқы кәсіби қазақ актерлерінің бірі. 1925 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекет-тік академиялық драма театрында (Алматы) актер, әрі режиссер ретінде қызмет атқарды. Әлемдік, орыс және қазақ драматургиясы классиктерінің шығармалары желісіне құрылған спетакльдерде тамаша образдар галереясын тудырды. Ол өзі сомдаған рольдерді керемет жеңіл орындаумен қатар сахна мәнері мен дауыс үйлесімділігін сақтай білді. Ол М.Әуезовтің «Абай» спектаклінде – Майбасар, Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісінде» – Тұмақбай, Шекспирдің «Асауға тұсауында» – Слая, Педант, Гогольдің «Ревизорын-дағы» – Яичница мен Земляника комедиялық рольдерін өте асқан шеберлікпен сомдады.  С.Қожамқұлов 30-40 жылдары киноға түсуді бастауымен  ұлттық кинематографияның дамуына өзіндік үлес қосты. Жоғары деңгейдегі кәсіби шығармашылығы мен ерен еңбегі үшін С.Қожамқұлов бірнеше рет КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен, үкіметтік ордендері және медальдарымен марапатталған.

   Кеш аясында Сералы Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шеберлік шыңы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   С.Қожамқұловтың шығармашылығына арналған «Шеберлік шыңы» – «Вершина мастерства» атты төрт тараулы  кітап-альбомда актердің өмірі мен шығармашылығы туралы замандастарының естеліктері, фотосуреттер,  мақалалар,  мұрағат құжаттары қамтылған.

   Кеште С.Қожамқұлов туралы «Вся его жизнь» деректі фильмі көрсетілді.

   Іс-шара барысында актердің қыздары Рената Серәліқызы мен Мариям Серәліқызы әкелері жайында өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, П.Чайковский атындағы музыка колледжінің студенттері мен скрипкашылар ансамблі өз өнерлерін көрсетті.

   Кешке туыстары мен жақындары, өнер зерттеушілері, қоғам қайраткерлері, студенттер, кітапхана оқырмандары  қатысты.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование