KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887756
2019 жылы:  21471
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.03.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің 115 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезовті оқимыз» халықаралық акциясы аясында «Қорғансыздың күні – М.Әуезов шығармашылығының бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

   «Қорғансыздың күні» – М.Әуезовтің 1921 жылы   «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында  «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы  Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты.

   Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі – психологиялық прозаның реалистік шеберлігі дамуының бастауы. Бұл бір түні ескі лашықта орын алған қайғылы оқиғаның желісі. Автор кейіпкердің қайғысын қоршаған ортамен біршама әлеуметтік байланыстарда, өзгеше қысқа құралдармен кемпірдің монологы және пейзаждың авторлық суреттелуі арқылы, кедейлік өмірдің драмалық картинасын бейнелей отырып ашқан. Әңгіме кейіпкері Ғазиза Ахан болыстың аяусыз зорлық-зомбылығынан қаза табады. Соның кесірінен қыздың әжесі мен анасы да жапа шегеді. Осы әулеттің кедейлігі мен ар-намысы, қайғысы мен мұңы, күлкісіз өткен күндері – автор осы жайында әңгімелейді. М.Әуезов өзін бұл әңгімеде өткеннің қараңғы ойпат тұстарын әшкерелеуші ғана емес, адамның ары мен бақытына қол сұғушылық оның өміріне қол сұғумен тең, тұлғаны қорлаудың өзі үлкен зұлымдық екендігін терең гуманист ретінде ашып көрсетеді. Сол кездегі қазақ ауылы үшін өте қарапайым оқиғаны ортақ қоғамдық мәселе деңгейіне көтере алды. Жазушының алғашқы әңгімелерінен-ақ шеберлік дарын байқалады.

   Көрмеде қазақтың ұлы жазушысы М.О.Әуезовтің алғашқы шығармасы - «Қорғансыздың күні» әңгімесі туралы ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан алынған мақалалар, әдеби сын, сондай-ақ, осы әңгімені қамтитын басқа да шығармалары:  шығармалар жинағы, «Қараш-қараш» әңгімелер жинағы (1960), «Крутизна» (1965), «Кінәмшіл бойжеткен» (1994), «Қорғансыздың күні» (2002), «Мұхтар Әуезов энциклопедиясы» және т.б. ұсынылған.

   Кітап көрмесі жыл бойы тұрады!  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование