KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887741
2019 жылы:  21456
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.03.2013

   Мерзімді басылымдар бөлімінің оқу залында алғашқы жалпыхалықтық «Қазақ» газетінің 100 жылдығына орай  көрме ұйымдастырылды.

   Апталық газеттің алғашқы саны 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор қаласында шықты. 1915 жылдан бастап ол аптасына 2 рет шыға бастады және бірден халық ішінде кең тарады.  Оны Қазақстанның  барлық өңірінде жаздырып ала бастады, Степной және Түркістан аймақтарында немесе 9 облыс, бір губернияда  (Астрахан), бұл туралы  Әлихан Бөкейхан  өзінің сол кездегі қазақтардың санына арнаған  мақаласында жазды.

   «Қазақ» газетін шығаруға Ресейдің жоғарғы оқу орындарында – Киевтен Қазанға дейін, Санкт-Петербургтен Томск қалаларына дейін білім алушы қазақ студенттері де атсалысты, бұған олардың газет беттерінде жарияланған толассыз хаттары дәлел. Ол бес миллионға жуық халықтың жалпыұлттық басылымына айналып, қазақтардың ұлттық шоғырлануына  әсер етті.

   1913-1918 жылдар аралығында шығып отырған «Қазақ» газеті либералды-демократиялық бағыттың идеясын айқындады.  Газеттің негізін салушылары мен авторлары белгілі қазақ ағартушылары және қоғам қайраткерлері: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев және т.б. болды. Басты, аграрлық мәселеде олар жерге мемлекеттік меншікті болдырмау және қазақтардың меншігіне беру, жерді  сатуға тыйым салу талаптарымен сөз сөйледі. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өмірінің дамуы жайындағы көзқарастарына қарамастан «Қазақ» газеті өз беттерінде Ресей империясының отарлық шет жағдайындағы қазақ халқының назарын және жалпыұлттық идеяларды білдіре алды.

   «Қазақ» газетін шығара отырып, оның негізін салушылар өздеріне тек ғылыми тұрғыда ғана емес, 1905 жылғы «Қарқара өтінішінде» аталған саяси мақсаттарды да қойды.

   Ең маңызды мақсаттардың бірі – халықтың этникалық есімін сақтап қалу болатын. Бұл мақсат «Қазақ» газетінің атауында негізделген.

   Әлихан Бөкейхан  бүркеншік «Түрік баласы» атымен жазған   өзінің «Қазақ тарихы» сериялық мақаласында: «Біз жарыққа, ағартушылыққа және өзіміздің төл ұлттық дәстүрімізді сақтап қалуға талпынуымыз қажет;  өткен дәстүріміздің негізінде өзіміздің (қазіргі заманғы) «қазақ» мәдениеті мен «қазақ» әдебиетін құруға міндеттіміз» деген мақсатты айқындады. Сонда ғана біз өзіміздің нағыз «қазақ» деген атымызды сақтап қала аламыз.

   «Қазақ» газеті 5 жылдан астам уақыт шығарылып отырды. Алдыңғы басылымдардың ешқайсысы сапасы жағынан болсын, тақырыптық әр түрлілігі жағынан болсын, тіпті таралымы жағынан да жаңа газетпен салыстыруға келмейтін. Алғашқы жылы «Қазақ» газеті 3 мың даналық таралыммен шықты, кейін 8 мың данаға дейін көтерілді. 5 жыл ішінде «Қазақ» газетінің 265 саны жарыққа шықты.  Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан кітаптар, ғылыми мақалалар, журналдар мен газеттерден алынған мақалалар,  иллюстрациялар қойылды. Барлық  келемін деушілерді көрмеге шақырамыз. Көрме жыл соңына дейін жалғасады. 

                    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование