KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887759
2019 жылы:  21474
бүгiн:  1
қазiр:  63
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.04.2013

   2013 жылы 3 сәуір,  сағ. 11.00-де  Көрме залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым, публицист Н.Р.Жотабаевтың  «Последняя осень Союзного парламента»  атты кітабының тұсаукесері өтті.

   Тұсаукесерді ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, Қаржы және  банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының директоры Баймұратов Ораз Баймұратұлы  жүргізді.

    Кітапта Кеңес Одағының  күйреуіне әкелген тарихи кезеңдер, КСРО-ның соңғы Жоғары Кеңесі қызметінің ауыр күндері баяндалады.

   Автор   КСРО Жоғары Кеңесінің, одақтас республикалардың Жоғары Кеңестерінің материалдары, атқарушы биліктің құжаттары, сонымен қатар өзінің  «Некоторые штрихи парламентской деятельности» (Алматы, 1993) еңбегінің негізінде өткен ғасырдың 1990-1991 жылдарына тап келген алып державаның тарихи тағдырын, Одақтық Келісім бойынша жағдайларды, жалпы халықтық  референдум және ТЖМК (ГКЧП) кеселдерін, қайта құрылған КСРО Жоғары Кеңесінің және оның жоғарғы палатасы – Республикалар Кеңесінің, Республикааралық  қатынастар жөніндегі комитетінің қызметтерін  ұлтаралық қатынастар мәселесіне ерекше назар аудара отырып, толықтай баяндайды.

    Кітаптың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сол кезеңде ҚазКСР Жоғары Кеңесінің 12-ші шақырылымының халық депутаты болған Н.Р.Жотабаев тамыз  төңкерісінен кейін КСРО Жоғары Кеңесінің құрамына  енгізілді. КСРО Жоғары Кеңесінің  Республикааралық  қатынастар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

   Кітап көпшілік оқырман қауымның, зерттеушілердің, қоғамтанушылардың, мемлекеттік қызметкерлердің, ғылым және оқу орындары қызметкерлерінің қызығушылығын тудырары сөзсіз.

   Тұсаукесерде: ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымының докторы, профессор Сартаев Сұлтан Сартайұлы, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Қасенов Болатбек Қасенұлы, этнограф-тарихшы Сембин Марат Қатайұлы, ҚР  ҒК БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының  бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессоры Қадыржанов Рустем Қазақбайұлы,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің, саясаттану кафедрасының меңгерушісі, профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Насимова Гүлнәр Өрленбайқызы, философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры Мұсатаев Сейілбек Шаяхметұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Түленова Зира. Сөз сөйлегендер  Н.Р.Жотабаевтың еңбектері туралы өз пікірлерін білдіріп, олардың маңыздылығын атап өтті.

   Тұсаукесер аясында ғалымның өмірі және шығармашылығына арналған «Нығмет Рахметұлы Жотабаев» атты көркемделген  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері,  Алматы  қаласы  кітапханаларының  қызметкерлері, БАҚ өкілдері. 

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование