KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887757
2019 жылы:  21472
бүгiн:  1
қазiр:  61
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.04.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғалымдар залында  белгілі ғалым-металлург, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Ни Леонид Павловичтің 90 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ни Леонид Павлович (1923-2005 жж.) Ресейдің Владивосток  қаласында дүниеге келді. 1946 жылы Қазақ тау-кен институты (қазіргі Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ)  металлургия факультетін үздік бітірді. Еңбек жолын 1946 жылы Қазақстанның Ғылым Академиясының ғылыми-зерттеу институттарында бастады.

   1950 жылы «Зависимость удельного сопротивления при фильтрации от свойств осадка» деген тақырыпта кандидаттық, 1967 жылы «Исследование роли высокомодульных алюминатых растворов в процессах переработки высококремнистых бокситов» деген тақырыпта докторлық диссертацияларын қорғады. 1970-1981 жж. Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және байыту институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1975 жылы  Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, 1994 жылы академигі болып сайланды.  

   Леонид Ни ғылыми қызметінің ұзақ жылдарын глиноземнің физикалық химиясы мен технологиясына, ерітінділер табиғаты және гетерогенді процестер ілім турасындағы жалпы ілімін зерттеуге арнаған. Ол жарамсыз алюминий шикізатын пайдалануға қатысты бірқатар мәселелерінің басын ашты, глинозем өндірісінің негізгі процестерін жетілдіру мен жеделдету жөнінде маңызды жұмыстар жүргізіп, іске қосты. Оның ғылыми басшылығымен глинозем алу технологиясындағы жаңа бағыт – жоғары кремнийлі алюминий шикізатын гидросілтілі әдіспен қайта өңдеу одан әрі дамытылды. Ни Леонид Павлович көптеген халықаралық және республикалық симпозиумдардың, конгрестердің және конференциялардың қатысушысы болған.

   Ол жарық көрген 600 ғылыми еңбектің, соның ішінде 13 зерттеу еңбектерінің авторы, 100-ден астамына  авторлық куәлігі мен бірқатар патенті берілген.

   Металлургия ғылымын дамытқаны және ғылыми кадрлар даярлағаны үшін Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен наградталған. 1971 жылы оған  «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» құрметті атағы берілді. 1980 жылы сапасы нашар бокситтерді қайта өңдеудің жаңа әдістерін тауып, өндіріске енгізгені үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Әр жылдары КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің  алтын, күміс, қола медальдарымен және Қазақ КСР халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің дипломдарымен марапатталды.

   Көрмеде Ни Леонид Павловичтің өмірі мен еңбек жолы жайында  материалдар, сондай-ақ, оның ғылыми еңбектері: «Щелочные гидрохимические способы переработки низкокремнистых бокситов» (1967), «Физико-химия гидрощелочных способов производства» (1975), «Физико-химические свойства сырья и продуктов глиноземного производства» (1978), «Комбинированные способы переработки низкокачественного алюминиевого сырья» (1988) және басқа да еңбектері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование