KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887681
2019 жылы:  21396
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.04.2013
   Мерзімді басылымдар залында «Атырау» газетінің  шыққанына 90 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды.

   «Атырау» – Атырау облыстық қоғамдық-саяси газеті. Алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 жылы 1 сәуірде шықты. 1924 жылғы 23 тамыздан – «Жұмыскер тілі», 1930 жылдың  қыркүйек айынан ­­­­– «Жем жұмысшылары», 1932 жылғы  16 сәуірден – «Ленин жолы», 1933 жылғы 16 қыркүйектен – «Социалистік құрылысқа», 1933 жылғы  5 қарашадан – «Социалды құрылыс», 1963 жылғы   мамыр айынан – «Коммунистік еңбек» атауларымен жарық көрді. Ұзақ жылдар бойы аптасына 5 рет, соңғы жылдары аптасына үш рет шығарылады. Газет 1923-1930 жж. – уездік, 1930-1933 жж. – аудандық, 1933-1938 жж. – округтік (аймақтық) болып өзгертіліп отырды. 1990 жылдың  30-шы маусымынан бүгінгі күнге дейін «Атырау» атауымен шығарылып келеді. 

   «Атырау» газеті Қазақстанның батыс өлкесіндегі алғашқы ұлттық басылымдардың бірі. Оның негізін қалап, материалдық базасын жасақтап, алғашқы сандарын шығарған, 1923 жылы  Гурьев уездік партия комитетінің бірінші хатшысы болған, осы газеттің алғашқы санының бас мақаласын жазған Төлепкерей Өтеулиев. Ол «Тірлік осымен табылады» тақырыбындағы бас мақаласында «Халықтың оқу-білімінің маңызы, ерікті ел болудың басты шарты – оның сауаттылығында», – деген ой білдірген.  Облыстық газет өзінің бүкіл тарихында осы ойды жан-жақты насихаттаумен келеді.

   2000 жылдың басында газет таралымы 10,0 мың болса, бүгінде таралым данасы 26,0 мыңнан асты. Қазір газетте 30-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Газет тарихы өте  бай. Оған кезінде қазақтың белгілі ақын - жазушылары  Әбу Сәрсенбаев, Асқар Тоқмағанбетов, Сәбит Мұқанов, Ғабдол Сланов, Хамит Ерғалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Берқайыр Аманшин мақала-өлеңдерін, әңгімелерін жолдап тұрған. Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев өмір бойы газетпен тығыз байланыста болған. Газетте Тауман Амандосов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Фариза Оңғарсынова, Марат Ысқақов, Берік Қорқытов, Аманқос Ершуов сынды белгілі әдебиетші-жазушылар қанаттанды. Газет редакциясында Нүреден Мұфтахов, Тілек Дәулетов, Ізімберген Ісхожин сынды республикаға танымал журналистер, әлем классиктерін қазақ, қарақалпақ тілдеріне алғаш аударған Жүсіп Жантөрин, Қыдырғали Сасықов сынды ертеде елге танылған аудармашылар жұмыс істеді.

   Газет 1973 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, 1990 жылы М.И.Ульянова атындағы Бүкілодақтық сыйлықты иеленді.

              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование