KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887720
2019 жылы:  21435
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.04.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде «Бір ел ­­– бір кітап» республикалық акциясы аясында халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына және оқуға ұсынылған «Дауа» жыр жинағына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Гурьев облысы Новобогат ауданы Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық  институтының филология факультетін бітірген. 1961-1978 жж. орта мектепте мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, директоры қызметін атқарды. Ақын шығармашылық жолын атыраулық «Коммунистік еңбек» газетінің әдеби қызметкері, «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстары бойынша арнайы меншікті тілшісі болып бастады. 1970-1977 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бас редакторы, 1978-1996 жж. – «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналының бас редакторы болды.

   Фариза Оңғарсынованың «Сандуғаш» атты алғашқы жыр кітабы 1966 жылы  басылып шықты.

   Ф.Оңғарсынова – шет мемлекеттерге танымал көптеген жыр шумақтарының, очерктердің, әңгімелер мен повестердің авторы. Прозалық шығармалар ақын шығармашылығында ерекше орын алады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – махаббат пен өшпенділік, қайсарлық пен жүрексіздік, мейірімділік пен зұлымдық.«Биіктік» көркем очерктер жинағы (1976), «Біздің Кәмшат» деректі повесі (1976), «Шашы ағарған қыз» повестері  (1990) т.б.  шығармалардың авторы.  Көптеген шығармалары әлем халықтарының тілдеріне аударылған.

   Ф.Оңғарсынова бүгін де қазақстандық поэзияның дамуына өз үлесін қосуда, республикалық әдеби-көркем «Тұмар» журналының бас редакторы.

   «Дауа» жыр жинағы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы әділқазылар алқасының шешімі бойынша әр жылдары жазылған лирикалық өлең шумақтарынан тұратын, 2013 жылғы халық жаппай оқитын кітап ретінде мәлім болды. Кітапта жалпы адамгершілік ақиқат айналасында әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі күннен-күнге артқан Әйел бейнесі көрсетілген.

   Ф.Оңғарсынова  ҚР Парламенті Мәжілісінің 1-ші және 2-ші шақырылымдарының депутаты (1996-2004).  Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979), Халыққа білім беру ісінің үздігі (1985). «Құрмет белгісі» (1984), «Парасат» (2001), «Достық» (2009) ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен және басқа да медальдармен марапатталған.

   Көрмеде Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында материалдар және  жазушының шығармалары: «Сандуғаш»  (1967), «Биіктік» (1976), «Біздің Кәмшат» (1976), «Шілде» (1978), «Сенің махаббатың» (1979), «Алмазный клинок» (1985), «Шашы ағарған қыз» (1990), «Қыз ғұмыр» (1996),  «Прикосновение» (2003) т.б. ұсынылған.

 

Кітап көрмесіне шақырамыз!

              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование