KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887651
2019 жылы:  21366
бүгiн:  1
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.04.2013

   2013 жылы 10 сәуір сағ. 15.00-де Көрмелер залында аса көрнекті қоғам және  мемлекет қайраткері Фазыл Кәрімұлы Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған   «Рухы биік нар тұлға» тақырыбына көркемделген кітап көрмесінің ашылу салтанаты және  «Славный сын земли казахской»  атты  кітабының тұсаукесері өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық кітапханасы, Фазыл Кәрібжановтың туыстары.

   Фазыл Кәрібжанов қысқа да мағыналы ғұмыр кешіп, бар болғаны 48 жасында дүниеден өтті. Кәрібжановтың өмірбаяны – елдің шежіресі (өмірбаяны). Ол 20-30 жылдардың қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешіріп, Ұлы Отан соғысы  кезінде тылда, ал соғыстан кейінгі жылдары экономиканы қайта қалпына келтіруге, көпшілікпен бірге тыңды игеруде еңбек етті. Еңбек жолын қатардағы агрономнан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының, КСРО Жоғары Кеңесінің төрағасына дейінгі жоғары  қызметтерге көтерілді. Фазыл Кәрімұлы қазақ халқына қызмет етудің аса жоғары үлгісін көрсетті.

   «Рухы биік нар тұлға» атты кітап көрмесінде кітапхана қорынан Фазыл Кәрібжановтың өмірі мен қызметіне қатысты әдебиеттер және отбасылық мұрағатынан алынған материалдар қамтылды. Көрмеде 150-ден астам баспалық және  мерзімді басылымдар ұсынылды.

   Көрме аясында көрнекті қоғам және  мемлекет қайраткері Фазыл Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған «Славный сын земли казахской» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітапқа өмірі мен қызметі туралы қызметтестері, достары, туыстары мен жақындарының естеліктері, оған арналған өлеңдер мен поэмалар енгізілген.            

   Әрқашанда айналасындағылардың алғысы мен ілтипатына бөленген, өз кезегінде бұлжымас құрмет пен бекзаттықты танытқан ел азаматы  туралы  баяндайтын бұл кітапты оқырмандардың үлкен қызығушылықпен қабылдайтынына сенімдіміз.

   Кітап Қазақстан тарихына қызығушылық танытушы көпшілік оқырман қауымға араналған.

   Тұсаукесерді тарих ғылымының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология  институтының аға ғылыми қызметкері Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлы жүргізді.

    Тұсаукесерде сөз сөйлегендер: мемлекет және қоғам қайраткері, поэт Салықов Кәкімбек Салықұлы,  мемлекет және қоғам қайраткері, ауылшаруашылығы ғылымдарының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Кенжебаев Сағындық  Жүнісұлы, ҚР ҰҒА-ның академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қошанов Аманжол Қошанұлы, ҚР ҰҒА-ның академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сартаев Сұлтан Сартайұлы, Фазыл Кәрібжановтың үлкен ұлы Кәрібжанов Олег Фазылұлы, тарих ғылымдарының профессоры Құдайбергенов Әділхан Нұрғалиұлы, өлкетанушы,профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Урашев Сұлтан Аипұлы, Фазыл Кәрімұлы Кәрібжановтың келіні, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Кәрібжанова Екатерина Александрқызы, мемлекет және қоғам қайраткері Кәрібжанов Жаныбек Салімұлы, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Шаханова Розалин Әшірбайқызы. Сөз сөйлегендер белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ф.К.Кәрібжановтың Қазақстанның дамуына сіңірген еңбегі туралы өз пікірлерін білдіріп, олардың маңыздылығын атап өтті.

   Қатысушылар: белгілі академиктер, қоғам қайраткерлері, жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, балалары мен жиендері, БАҚ өкілдері.

              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование