KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15064831
2019 жылы:  130366
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.04.2013

   2013 жылы 10 сәуір, сағ. 11.00-де Көрме залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, қажымұқантанушы Ғазизбек Тәшімбайдың құрастыруымен жарық көрген, қазақ даласының батыры атанған, қазақ халқының біртуар ұлы, грек-рим күресінен әлем чемпионы болған тұңғыш қандасымыз балуан Қажымұқан жайлы «Қазақтың Қажымұқаны» кітабына  арналған дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстел журналистің  75 жылдық мерейтойына орай  өткізілді.

   Дөңгелек үстелді белгілі зерттеуші, М-Х. Дулати қоғамдық қорының директоры Мұхтар Қазыбек  жүргізді. 

   Бұл кітапқа сайын даланың саңлағы, алып күш иесі, ұлы балуан Мұқан Мұңайтпасұлын – көзі тірісінде Қажымұқан атанған Алаштың ардақты перзентін көзімен көріп, өнеріне тәнті болған замандастарының естеліктері, зерттеушілердің еңбектері, ақындардың ол кісіге арнаған өлең-жырлары, сирек кездесетін фотосуреттер  енгізілген.

   Дөңгелек үстел барысында белгілі ақын-жазушылар С.Қалиұлы, С.Оспанов,  Ш.Сариев, Т.Жанаев, С.Сматаев т.б. академиктер мен журналистер сөз сөйлеп, Ғазизбек Тәшімбайдың «Қазақтың Қажымұқаны» кітабы туралы өз  пікірлерін білдіріп, журналистің  өмірі мен шығармашылығы жайлы сөз қозғады.

   Дөңгелек үстел аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған  «Ғазизбек Тәшімбай»  атты көркемделеген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

                                              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование