KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887689
2019 жылы:  21404
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.04.2013

   2013 жылы  12 сәуір, сағат 15.00-де Көрмелер залында «Юнус Емре және махаббат» атты Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану және шет тілдер факультеті студенттерінің арасында поэзиялық байқау өтті. Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасындағы Түркия кітап бұрышы қызметінің аясында өткізілді.

   Юнус Емре (тур. Yunus Emre, 1240-1320/1321)  – түрік әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі түрік ақыны (сопы-ақын). Юнус Емре - түрік өлеңдерінің негізін қалаушы. Ақын шығармашылығының негізгі тақырыбы – Адам, Тәңір, өмірсүйгіштік, бейбітшілік, Әлем, өлім, жауапкершілік, жетілу, қарапайымдылық пен кеңпейілдік. Осының ішінде Юнус Емренің шығармашылығының басты объектісі – Адам. Юнус Емре поэзиясында әлемдік көзқа­расының тұтастығы білінеді. Ақын Ахмед Яссауи және Султан Веледимен қатар өлең шығаруда  алғаш рет түркі тілін (араб пен парсы тілінен өзге) қол­дана бастады.

 

   Поэзиялық байқауды Юнус Емре атындағы мәдени орталығының директоры Ибрахим Йылдырым жүргізді. Іс-шара барысында Юнус Емре атындағы мәдени орта­лық туралы (Астана), Энус Емре атындағы институт (Анкара) және дүние жүзіндегі басқа орталықтардың филиалдары туралы кинофильм көрсетілді.

 

   Байқауда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану және шет тілдер факультеті 2 курс студенттері қатысты.

 

   Поэзиялық байқаудың қазылар алғасының мүшелері: Қазақстандағы Түркия елшілігінің мәдениет және ақпарат  жөніндегі атташесі Нилгюн Кылычарслан, Түркия консулының көмекшісі Мұстафа Алтай Сөнмез, «Төмер» түрік тілінің Оқу орталығының директоры Мухаммет Тюркйылмаз (Алматы), Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарындағы түрік тілінің оқытушылары Мех­мет Арслан (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), профессор, филология ғылымдарының докторы, Хасан Алиев (Абылай хан атындағы Қазақ ХҚӘТУ).

 

   Байқаудың қорынтындысы бойынша 1 орынды Әлкенова Кәмила ұтып алса, ал 2 орынды - Ашықова Қамшат, 3 орынды - Сейткарімова Эльмира иеленді. 

 

   Шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Юнус Емре ақынның шығармашы­лығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

                    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование