KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887736
2019 жылы:  21451
бүгiн:  1
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.04.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінде «Ұлы ғалым - Исаак Ньютон» атты кітап көрмесі ұйым­дастырылды.  

Исаак Ньютон (1643-1727) – ұлы ағылшын математигі, механик, астроном және физик, классикалық механиканың, физиканың негізін құрған әйгілі ғалым. Ол Лондон корольдік қоғамның мүшесі және Президенті болды. Оның 1687 жылы жарық көрген «Табиғи философияның математикалық бастамалары» атты кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Исаак Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.

   Математикада Ньютон Готфрид Лейбництен тәуелсіз дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты. Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңдарын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференциалды сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол - термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі.  Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды. Осы заңның көмегімен аспан денелерінің қозғалу траекториясы есептелінеді және олардың аспан күмбезіндегі орындары алдын ала анықталады. Ньютон өмірінің соңғы жылдарын Монеталық сарайдың қалыптасуына, Англиядағы ақша өндірісін дамуына, теологияға және ежелгі библия тарихына арнады. Исаак Ньютон ағылшындардың ұлттық шіркеуінде - Вестминстерск аббаттығында жерленген.

   Кітап көрмесінде  ҚР Ұлттық кітапхана қорынан ұлы ғалымның әр жылда шыққан ғылыми еңбектері, ол туралы басылымдар орыс, неміс, түрік, ағылшын тілдерінде ұсынылған.

   Кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование