KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887708
2019 жылы:  21423
бүгiн:  1
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.04.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінде «Ғылым және өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме 12 сәуір күні аталып өтетін Қазақстанның ғылыми қызметкерлері күніне және Дүниежүзілік авиация мен косманавтика күніне арналған.

   Көне өркениеттерде жазудың даму барысында табиғат, адам, қоғам туралы білім жинақталып отырған кезеңде математика, логика, геометрия, астрономия, денсаулық ғылымдарының негізі пайда болды. Қазіргі ғалымдардың бастаушылары Ежелгі Грекия мен Рим философтары үшін   ақиқатты зерттеу негізгі қызметтеріне айналды. Ежелгі Грекияда білімді жүйелеудің әр түрлі нұсқалары пайда бола  бастады.

   Бүгінгі ғылым 16-17 ғас. бастап  қалыптаса бастады. Тарихи даму барысында оның ықпалы техника мен технология дамуының шегінен шықты. Ғылым қоғамға және мәдениетке зор ықпал ететін маңызды әлеуметтік, гуманитарлық институтқа айналды.  Ғылыми қызмет көлемі 17 ғас. бастап шамамен әр 10-15 жыл сайын еселенеді (жаңалықтар мен ғылыми ақпараттың өсуімен,  ғылыми қызметкерлердің санымен).

   Қазіргі кезеңде қоғамның әр түрлі салаларында және адам өмірінде ғылымның рөлі өте зор. Адамзаттың ғарышты игеруі зымыран-ғарыштық техниканың пайда болуына тікелей байланысты. Күннен-күнге космонавтиканы қолданбалы  пайдалану аясы кеңеюде:  ауа-райы қызметі, навигация, адамды және орманды құтқару, әлемдік теледидар, жан-жақты байланыс, тым таза дәрілер және аңғалақтан шала өткізгіштер, ең озық технология.

   Ғарышқа ұшу тарихында әлемнің әр елінен 295 ғарышкер космосқа ұшты, осыған қоса орбитада 8 турист ғарышкер болды.

   Бірінші ғарышқа ұшқан ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин (12 сәуір 1961 ж.), қазақ жерінен «Байқоныр» космодромынан пилот-ғарышкер «Восток» атты әуе кеме бортымен ұшты. Қазақстаннан бірінші ғарышкер Тохтар Оңғарбайұлы Әубәкіров әлемнің 256-шы, ал КСРО бойынша 72-ші (және соңғы) ғарышкері болды. Басқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннес рекордтар кітабына енгізілді, оған дейін ешкім ашық ғарышта тәуліктен аса болмады.

   Қазақстан XXI ғасырда бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға, ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етуге және республиканың өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға бағытталған жаңа технологияларды  игеруді, ғылымды қажет ететін өндірістің өсуін бастан өткізіп жатыр.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан дүниежүзілік және Қазақстанның ғылымы мен жалпы космонавтиканың жетістіктері туралы кітаптар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование