KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065074
2019 жылы:  130609
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.04.2013

   «Өнер» бөлімінде «Еңбек әлемі музыка әлемінде» атты күйтабақтар көрме­сі ұйымдастырылды. 

   Адамзат баласы ежелден бері еңбек етіп, тер төгудің ар­қа­сында өсіп–өркендеп келеді. Сонау алғашқы қауымдық құ­рылыс дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі адамзат тарихына көз жіберсек, барлық игіліктер мен жетістіктерге тек еңбек ету ар­қы­лы қол жет­кізудің жарқын үлгісін көреміз.  

   Бүгінде әлеуметтік дамудың жаһандық тренді «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» өтуге барып тіреледі. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталан­дыру­дың жүйесін құру - Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі.  

   Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық кітапханасы «Еңбек әлемі музыка әлемінде» атты күйтабақтар көрмесін дайындады. Бұл көрмеде еңбек адамдарының ерлігі мен еңбегін жырлаған Қазақстан композиторларының әндері мен күйлері жинақталған күйтабақтар оқырмандар назарына ұсынылған.

   Көрмеде халық композиторы Д.Нұрпейісованың «Жеңіс», «Еңбек ері», «Сауыншы» күйлері, композитор Х.Тастановтың «Тыңға аттану» күйі, Ә.Бейсеуовтың «Бағбан-ата», К.Әзірбаевтың «Жайнады тыңым жайнады», композитор К.Дүйсекеевтің «Тың дала» әндері, «Тың туралы әндер»  және т.б. күйтабақтар қойылған.

   Көрме мәдениет және өнер қызметкерлеріне, оқырмандарға арналған.

   Күйтабақтар көрмесіне шақырамыз!

                        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование