KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887733
2019 жылы:  21448
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.04.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғылыми қызметкерлер залында филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Қалыбаева (Хасенова) Аққалдың 90-жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  

   Қалыбаева  (Хасенова) Аққал 1923 жылы 17 сәуірде Өзбекстанның Ташкент облысында туған. 1945 жылы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын осы институтта мұғалім болып бастады.

   1949 жылы профессор, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі М.Балақаевтың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі етіс категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал 1963 ж. – «Қазақ тіліндегі етістікті негіздер» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 

   1952 -1961 жж. – Қазақ КСР Тіл және әдебиет институтының бөлім меңгерушісі, директорының орынбасары, 1961-1938 жж. – бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері болды.

   А.Қалыбаева-Хасенованың ғылыми еңбектері қазақ тіліндегі етістік категориясын, морфемиканы, сөзжасамды зерттеуге арналған.

   А.Қалыбаева – өз шығармашылығының алғашқы күндерінен бастап мектеп бағдарламалары мен оқулықтарын шығаруға белсене қатысқан зиялы қауым өкілдерінің бірі. Ғалымды тек грамматика, орфография, терминология сұрақтары ғана емес, сонымен қатар, сөйлеу мәдениеті, көркем әдебиет тілі, стилистика және қазақ әдеби тілінің даму мәселелері қызықтырды.

   Ғалымның «Қазақ тіліндегі етіс категориясы» алғашқы монографиясы 1951 жылы басылып шықты. Ол «Үлкен орысша-қазақша сөздік», «Современный казахский язык», «Қазақ тілінің гармматикасы», «Қазақ тілінің емле сөздігі», «Қазақ тілінің грамматикасы туралы зерттеулер және т.б. кітаптардың жарыққа шығуына ат салысты. 100-ден астам қазақ тілі мәселелері жөніндегі ғылыми мақалалардың авторы.

   А.Қалыбаева қоғамдағы қызметі және еңбек жетістіктері үшін медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталған. 1971 жылы  «Қазақ КСР –інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері» атағы берілді. 

   Көрмеде А.Қалыбаеваның өмірі мен еңбек жолы жайында материалдар және ғалымның шығармалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование