KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887728
2019 жылы:  21443
бүгiн:  1
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.04.2013

   2012 жылы 11-13 сәуірде Алматы қаласындағы «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында «Ұлы Жібек жолымен - 2013» атты VII Халықаралық кітап және полиграфия көрме-жәрмеңкесі өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Қазақстан баспагерлері және кітаптаратушылар Ассоциациясы,  «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы.

   Бұл мәдени шараға әлемнің 13 елінен 98 баспа қатысып, қалың оқырман назарына 5 мыңға жуық кітаптар ұсынылды. Оның ішінде Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Қытай, Түркия, Қырғызстан, Қазақстан  т. б. елдердің де кітаптары көрмеге қойылды.

   Көрменің негізгі мақсаты - оқырманды жаңа ақпаратпен, жаңа әдебиет түрлерімен барынша кең көлемде таныстыру және баспагерлер  мен кітап өндірісі мамандарының өз-ара  озық тәжірибелерімен алмасу, сонымен қатар кітапханалармен тығыз байланыс орнату.

   Мәдениет саласындағы мұндай халықаралық көрмелер ел мен  елді жақындастырып, ғасырдан ғасырға ұрпақты жеткізетін және мол мәдени мұраны кеңінен насихаттайтын пайдасы мол рухани іс-шара. Көрме аясында кітап қорын толықтыру қызметінің кітапханашылары, кітап көрмелерімен танысып, баспа өкілдерімен ресми сұхбаттар жүргізіп, баспагерлер өткізген  семинарлар  мен жаңа кітаптардың тұсаукесерлеріне қатысып, тың ақпараттармен алмасты. Осы көрме аясында Қазақстан баспагерлеріне ҚР Ұлттық кітапханасы қорына кітаптардың    міндетті тегін даналарын жіберу туралы арнайы ескерту хаты тапсырылды және кітаптардың прайс-беттері мен каталогтары алынды.

   Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Қытай баспаларымен тығыз байланыс орнатылып, каталогтар мен мекен-жайлары туралы құжаттар алынып, пікір алмастырылды. Бұл көрменің басты ерекшелігі кітапханаларға берер пайдасы мол болды. Осы  кітап көрмесі аясында жаңа кітаптар туралы толық мәліметтер алынып, жаңа ұсыныстар қарастырылып, көптеген жаңа баспа өкілдерімен тығыз байланыс орнатылды. Кітап көрмесі нәтижесінде, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Қытай т.б. баспа өкілдерімен  кітап қорын толықтыру қызметінің кітапханашылары  нақты жұмыстар жүргізіп, өздерінің іскерлігі мен  жауапкершіліктерінің арқасында  кітапхана қорына 626 аталым ғылыми жаңа кітаптар мен 134 дана Ресей журналдарын сыйға алды. Оның ішінде ірі және беделді Ресей  баспаларын ерекше мақтанышпен атауға болады: «Наука» баспасынан - 111 кітап, «Вече» баспасынан  - 103 кітап, «София» баспасынын - 118 кітап, «Молодая гвардия», «Дашков и К»,  «Бином», «МК-периодика» т.б. Ресей баспаларынан - 176 кітап, сондай-ақ Беларусь баспаларынан - 26 кітап, Тәжікстан баспасынан - 10 кітап, «Шыңжаң халық баспасынан»  - 62 кітап және Қазақстан баспаларынан - 20 кітап сыйға алынды. Бұл кітаптардың кітапхана қорына түсуі, яғни қалың оқырман қолына жетуі үлкен олжа және баға жетпес құндылығы мол рухани қазына.

                                          

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование