KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065036
2019 жылы:  130571
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.04.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Туған жердей тұғырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан халқының бірлігі  мерекесі - 1996 жылдан бастап жыл сайын 1 мамырда мерекеленетін мемлекеттік мереке. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады. Ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау - мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.

   Қазақстан - көпұлттық мемлекет. Республикада жүз елуден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. 1 мамырда Қазақстанның әрбір қаласында бұл мейрамды мерекелік шаралармен бүкіл халық атап өтеді. Ұлттық мәдени орталықтар әртүрлі этностардың салт-дәстүрлерімен таныстырады. Сахналық қойылымдар, мерекелік концерттер, фестивальдар,  демонстрациялар бұл мерекені барлық Қазақстан халқы үшін ең жарқын және сүйікті мерекеге айналдырды.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қорларынан алынған, біздің мемлекетіміздегі әртүрлі ұлттардың тарихы мен қазіргі өмірі, рухани мәдениеті, салт-дәстүрі және өнерінің дамуы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

                       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование