KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887652
2019 жылы:  21367
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.04.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақ жазушысы Нұрманов Ақанның 80 жылдық мерейтойына орай «Шын шер, шын құбылыс» кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Нұрманов Ақан (1933-1968 ж.) 1933 жылы  Алматы облысы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1957 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

1957-1964 жылдары Қостанай облысы, Амангелді аудандық «Социалистік шаруа», облыстық «Коммунизм таңы» газеттерінде, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») әдеби қызметкер, 1964-1968 жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.

   А.Нұрмановтың «Арайлы таң» атты алғашқы повестер жинағы 1964 жылы жарық көрген. Мұнда қайнаған ауыл өмірі мен еңбек қарқындары, жастары жайлы әңгімеленеді. 1965 жылы оқырмандар жазушының «Аққу жұлдызы» атты повесімен танысты. Кітапта шопандар өмірі, адамгершілік пен зұлымдық және басқа да адами қарым-қатынастар бейнеленген. А.Нұрмановтың бірқатар шығармалары алпысыншы жылдары «Жұлдыз», «Простор» журналдарында жарияланып тұрған.

   Жазушының талантын шарықтатқан туындысы «Құланның ажалы» деген романы болды. Бұл романда ХХ ғасырдың басында Торғай өңірінде Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі қарапайым тұрғындардың жаңа өмірді құрудағы күрделі де, қиын соқпақтары суреттеледі. Басты кейіпкер – адал да, батыл Құланның аты аңызға айналған Амангелді Иманов әскерінің құрамында болып, жауымен табанды күрескендігі баян етіледі.

   Қазақ оқырмандарының арасында танымал болған бұл роман кітаптың авторы А.Нурманов өмірден қайтқаннан кейін, әр жылдары бірнеше мәрте басылып шықты және орыс тілінде, кейіннен араб, тағы басқа тілдерге де аударылды.

   Көрмеде  жазушының өмірі мен еңбек жолы жайлы материалдар және оның шығармалары: «Арайлы таң» (1964), «Аққу жұлдызы» (1965), «Құланның ажалы» (1969, 1977, 1987), «Гибель Кулана» (1977) және т.б. еңбектері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование