KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887658
2019 жылы:  21373
бүгiн:  1
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.05.2013

   Өнер бөлімінде Қазақстанның халық әртісі Бекен Жылысбаевтың 90 жылдық  мерейтойына арналған «Алты алаш алқалаған ән еркесі»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Жылысбаев Бекен  Бәкенұлы  (1923) – әнші (тенор), Қазақстанның халық әртісі. Семей облысы Шұбартау ауданы Бірбет  ауылында дүниеге келген.  1951 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы). 1946-1951 жж. - Қазақ радиосы мен Қазақ филармониясында әнші, 1951 жылдан Алматы консерваториясында оқытушы қызметтерін атқарған.  Бекен Жылысбаев кең диапазонды ерекше дауыс иесі. Қазақ халық әндерін, орыс классиктері мен шет ел композиторларының ән-романстарын шебер орындаушылардың бірі. Репертуарында М.Төлебаевтың «Тос мені, тос», «Кестелі орамал», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Қазақстан оттары», Е.Рахмадиевтің «Алматы кеші», «Таң самалы» және т.б. белгілі әндер бар.

 

   КСРО-ның «Ленин», 1-2-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» және «Еңбек Даңқы», «Құрмет белгісі», Қазақстан Республикасының «Отан» ордендерімен марапатталған.

 

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Б.Жылысбаевтың еңбектері, күйтабақтары және ол туралы әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование