KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065029
2019 жылы:  130564
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.05.2013

   2013 жылы 3 мамыр,  сағ. 15.00-де  Көрмелер  залында  Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне орай патриоттық сезімге арналған «Елім, жерім - Отаным» атты жас ақындардың поэзия кеші өтті.

   Ұйымдастырушылар:  ҚР Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Жазушылар одағы.

   Кештің мақсаты - жас өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеу, отаншылдық ұстанымдарға баулу.

   Патриоттық сезім мен тәрбие, тұлғаның азаматтық қалыптасуы – қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. «Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп» Абай, «Адамның бәрі – өз халқың» деп Шәкәрім бабаларымыз жырлағандай, жас өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, отансүйгіштік, адамсүйгіштік қасиеттерді сіңіру, бейбітшілік пен келісімді, тарихи зерделілік пен рухани сергектікті ұлттық құндылығымыз деп танитын мемлекетшілдік, отаншылдық ұстанымдарға баулу – әр азаматтың парызы болып табылады. Тәуелсіз мемлекетіміздің өткені мен бүгінін танытуға, болашағын бағамдатуға, ұлттық менталитет пен мінез-құлықты, салт-дәстүр мен қазақы ойлау жүйесін сақтауға, жас ұрпақты адамгершілік бастауларымен тәрбиелеуде зиялы қауымның, ақын-жазушылардың еңбегі орасан зор деп білеміз.

   Кешті ақын Ерлан Жүніс жүргізді.

   Кеште Маралтай Райымбекұлы, Ырысбай Дәби, Ерғали Бақаш, Жақсылық Қазымұрат тағы басқа ақындар сөз сөйлеп, еліне, жеріне, отансүйгіштікке, тәуелсіздікке, адамгершілікке арналған жыр-өлеңдерін оқыды.

   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Отан үшін, ел үшін» және «Ұлы Жеңіске – ұлағатты құрмет» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

   Іс-шараға  жас ақындар, жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері,  Алматы  қаласы  кітапханашылары, БАҚ өкілдері қатысты.

                     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование