KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887649
2019 жылы:  21364
бүгiн:  1
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.05.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде белгілі қазақ ақыны, балалар жазушысы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қали Сұлтанның 70 жылдығына орай «Балдәурен жыршы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қали Сұлтан Қалиұлы 1943 жылы Жамбыл облысы, Сеңгірбай ауылында туған. 1961 жылы Жамбыл қаласындағы педагогикалық училищені бітіріп, 1967 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1961 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.

   1967-1973 жж. – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ радиосының музыкалық хабарлары редакторы, 1973-1991 жж. – «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды. 1990 жылдан балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
   1972 жылдан – Қазақстан Журналистер Одағының, 1974 жылдан – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, 2005 жылдан – ҚР Жазушылар Одағының хатшысы.
   Қали Сұлтанның алғашқы шығармасы - «Қомағай бақа» мысалы 1959 жылы «Еңбек туы» облыстық газетінде жарияланды. Ол «Сыныққа сылтау» (1967), «Өлеңдер» (1968), «Дүрбі» (1970), «Сәлем саған, мектебім!» (1975), «Кішкентай астрономдар» (1977), «Әйт, шу, тұлпарым!» (1986) жинақтарының, «Төлебай Әжімов» (1973) повесінің, сондай-ақ, 100-ден астам мақалалардың авторы. Жазушының сөзіне жазылған 40-қа жуық ән бар.
   Қали Сұлтан көптеген ақындардың шығармаларын: Р.Гамзатовтың «Менің атам» (1969), С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1987), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» (1984) повесі мен «Жанымның жарық жұлдызы» (1985) романын, тарих және табиғаттану пәндері бойынша мектеп оқулықтарын қазақ тіліне аударды. Ақынның өлеңдері орыс, украин, өзбек, әзірбайжан және қырғыз тілдеріне аударылған.
   Қали Сұлтан «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970), Ы.Алтынсарин (1993, 2008), «Еңбек ардагері» (1990), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2008), БЛКЖО ОК «Комсомолдағы белсенді жұмысы үшін» (1985, 1998), «Мәдениет қайраткері» (2003), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2003) белгілерімен; БЛКЖО ОК Құрмет грамоталарымен (1978, 1979, 1988), Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің (1981), Қазақстан  ЛКЖО ОК-нің (1982, 1985), ҚР Мәдениет, Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің (2000)  Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Жастар Одағы мен Журналистер Одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1997). Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы (2003).

   Көрмеде Қали Сұлтанның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар және ақынның шығармалары: «Әйт, шу, тұлпарым!» (1989), «Скачи, мой аргамак!» (1989), «Айналама қарасам» (2003), «Армысың, ауылым» (2011)  және т.б. материалдар  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование