KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887703
2019 жылы:  21418
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.05.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінде жазушы, журналист Серік Әбдірайымұлының 70 жылдығына орай «Халқына еленген» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Серік Әбдірайымұлы (1943-2009) 1943 жылы  5 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1968 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1965-1974 жж. – кіші әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, спорт және дене тәрбиесі бөлімінің, жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеті редакциясының жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

   1974-2004 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетінің аға оқытушысы, «Жалын» баспасының музыка жөніндегі редакторы, «Өнер» баспасының бас редакторы болды (1979). Қазақстан Компартиясы ОК Тарих және партия институтының жанындағы марксизм және ленинизм еңбектерін аудару Бас редакциясының меңгерушісі (1986), «Санат» баспасының директоры (1990), Д.А.Қонаев Халықаралық қорының вице-президенті (1993), ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының (1996), Жазушылар Одағыныңі (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының (2003) мүшесі, ҚР Жазушылар Одағының Деректі проза Кеңесінің төрағасы, ҚР Жазушылар Одағы Басқармасы төрағасының орынбасары (2005).
   С.Әбдірайымұлы көптеген деректі эсселер мен биографиялық жинақтардың авторы. Д.А.Қонаевтың «Өтті дәурен осылай» (1992), «Ақиқаттан аттауға болмайды» (1994), орыс жазушысы Б.Васильевтің «Мансап пен махаббат» повесін, түрік жзушысы Орхан Кемальдың «Тұңғиықта» романын (1988) және т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды.
   Жазушы «Қаһарман – Нұрғиса» (1999), «Елу жыл ел ағасы» (2002), «Личность» (2007) атты естелік кітаптарын құрастырды. «Личность» кітабы Қазақстанның белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткері,  есімі тарих беттерінде алтын әріппен жазылған тұлға Д.А.Қонаевқа арналған.
   Елінің мәдени өміріне қосқан үлесімен еленген С.Әбдірайымұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1971), «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» белгісімен (2004), «Парасат» орденімен (2007), «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған. Жамбыл облысы Талас ауданының «Құрметті азаматы».   

   Көрмеде С.Әбдірайымұлының өмірі мен еңбек жолы жайында материалдар: «Бес мүшел белесінде» (2004), «Қасіретіңді түсінбедім жалғыздық» (2010), сонымен қатар: Қаһарман–Нұрғиса» (1999), «Елу жыл ел ағасы» (2002), «Личность» (2007) атты еңбектері және «Өтті дәурен осылай» (1992), «Ақиқаттан аттауға болмайды» (1994), «Мансап пен махаббат» (2007), «Самғау» (2008) аудармалары мен т.б. шығармалары  ұсынылған.

    Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование