KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887678
2019 жылы:  21393
бүгiн:  1
қазiр:  32
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.05.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінде белгілі француз жазушысы-гуманист, фантаст Ж.Г.Верннің 185 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Жюль Габриель Верн (1828-1905) - танымал француз жазушысы, географ,  шытырман оқиғалы әдебиеттер классигі, ғылыми фантастиканың негізін қалаушы, Француз жаратылыстану қоғамының мүшесі. Ол 1828 ж. 8 ақпанда Нант қаласында адвокат жанұясында дүниеге келді. Болашақ жазушы Парижде заңгерлік білім алды. Заңнан басқа Жюль Верн әдебиетпен де айналысып, әңгімелер мен комедияларды  жазды. Оның бірінші рет «Сынған кішкентай сабан талдары» атты пьесасы 1850 ж. қойылған.

   Жюль Верннің бірінші романы «Әуе шарында бес апта» 1863 ж. оған үлкен табыс әкелді. Сыншылар бұл шығармадан жаңа жанрдың, яғни «ғылым туралы романның» туындауын көрді. Жазушы жағымды пікірлермен шабыттанып, ғылыми ғажайыптарға толы шым-шытырман романдарды өмірге әкелуді жалғастырды. Ол бірінен-бірі өткен көрнекті туындыларды жазды: «Жердің ортасына саяхат» (1864), «Капитан Гаттерастың саяхаты» (1865), «Жерден Айға» (1865) және «Айдың айналасында» (1870). Жазушы бұл романдарда сол кездегі ғылым әлемі айналысқан 4 мәселені көтерді. Олар ауада қалқуды басқару, полюсті жаулап алу, жер асты әлемінің жұмбақтары, жердің тартылу шегіне ұшу. Жюль Верн өзінің ғұмырында 66 роман, 20 повесть, 30-дан астам пьеса және әңгімелер жазған.
   1892 жылы жазушы Құрмет легионының кавалері болды. Қазасынан азырақ бұрын Жюль Верннің көзі көрмей қалса да кітаптарын айтып отырып жаздырды. Жазушы 1905 ж. 24 наурызда қант диабеті сырқатынан қайтыс болды. Жазушының қазасынан кейін 20 мыңнан аса адамзат білімінің жан-жақты мәліметтері енгізілген дәптерінің картатекасы қалды. Ғылым Ж.Верн кезеңінен көп алға жылжи түссе де, оның кітаптары мен кейіпкерлері ескірмейді.
   Жазушының көптеген романдары экранға шықты: «Жердің ортасына саяхат», «Жерден Айға», «Капитан Гранттың балалары», «20 мың лье судың астында» «80 күн ішінде жер шарын айналу» және басқалар. ЮНЕСКО есебі бойынша Ж.Верннің кітаптары әлемдік аударма жағынан А.Кристи шығармаларынан кейінгі екінші орынды алады. Оның кітаптары әлем халықтарының 148 тілдерінде басылып шығарылған.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының қазақ, орыс, ағылшын, француз және басқа да шет тілдеріндегі еңбектері ұсынылған: «Он бес жасар  капитан», «20 мың лье судың астында», «Капитан Гранттың балалары», «Су астындағы 80000 километр сапар», «Vingt Mille Lieues Sous Les Mers» және т.б. 

   Көрмені тамашалауға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование