KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887661
2019 жылы:  21376
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.05.2013

«Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақ жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Райымқұлов Рахметолланың туғанына 100 жылдығына орай «Қаламгер өнегесі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Рахметолла Райымқұлов (1913-1978 ж.) 1913 жылы Ташкент облысы Бостандық ауданының Қараманас ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Алматыдағы Коммунистік журналистика факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
   Еңбек жолын 1933 жылы Ташкент облысы Шыршық ауданы «Алға» газетінде тілші болып бастады. Оқу бітірісімен Алматы қаласында «Сталин жолы» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналының жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері, жауапты хатшының орынбасары қызметтерін атқарды.
   1953-1961 жылдары «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі болды. 1971 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары болып істеген.
   Жазушының алғашқы «Уәде» әңгімелер жинағы  1958 жылы жарық көрді. Кейіннен  «Жасыл белес» (1960),  «Түйелі адам» (1962),  «Пернелі пенде» (1966), «Балдақты адам» (1967),  «Бұрылыстар» (1967),  «Қыз айна» (1970), «Бала жігіт» (1977), «Жапандағы жаңғырық» (1981), т.б. әңгімелер мен повестер жинағы басылды. Шығармаларында жазушы балалар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынасты, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы бұқара халықтың тауқыметті өмірін бейнелейді.
   Автордың  «Ашынған жандар»,  «Болаттың сынығы» (1974), «Әкесінің арқасында» (1975) атты пьесалары облыстық театрларда қойылған. Р.Райымқұлов тәжік жазушысы С.Айнидың  «Бұқара» трилогиясының екі кітабын және бірқатар украин, латыш жазушыларының еңбектерін қазақ тіліне аударған. Сонымен қатар, көптеген туындысы орыс тілінде жарық көрді.
   Р.Райымқұлов  бірнеше мемлекеттік ордендер, медальдармен марапатталған.
   Кітап көрмесінде Р.Райымқұловтың өмірі жайлы материалдар және шығармалары: «Уәде» (1958), «Жасыл белес» (1960), «Түйелі адам» (1962), «Зеленый заслон» (1963), «Человек на верблюде» (1966), «Бұрылыстар» (1967), «Қыз-айна» (1970), «Болаттың сынығы» (1975), «Бала жігіт» (1977), «Суретші» (1982), «Қара жорға» (1993) және т.б. еңбектері қойылған.

   Көрмені тамашалауға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование