KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887729
2019 жылы:  21444
бүгiн:  1
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.05.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғалымдар залында белгілі мемлекет қайраткері, дипломат, саясаттану ғылымдарының докторы Қасымжомарт Тоқаевтың 60 жылдығына орай, «Мәмілегер елімен мәртебелі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының халықаралық қатынастар факультетін, 1984 жылы  Пекин лингвистикалық институтын, 1992 жылы РФ Сыртқы істер  министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірді. 1998 жылы «Азиатско-тихоокеанские государства во внешней политике Казахстана» тақырыбында кандидаттық, 2001 жылы «Внешняя политика Республики Казахстан в период становления нового мирового порядка» тақырыбында докторлық диссертацияларын қорғады.

   Қ.К.Тоқаевтың дипломатиялық қызметі 1974 жылы Қытай Халық Республикасында басталды. ҚХР-дағы КСРО елшілігіндегі тағылымдаманы аяқтап, институтта дипломын қорғағаннан кейін Сингапур Республикасындағы КСРО елшілігіне жұмысқа жіберілді. 1992 жылы ақпанда РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген соң, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 1994 жылғы қазанда ҚР Сыртқы істер министрі, 1999 жылы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі қызметтерін атқарды. 1999 жылғы қазанда ҚР Премьер-министрі болып тағайындалды. Ол 2002 жылдың қаңтар айына дейін үкіметті басқарды. Кейіннен ҚР Сыртқы істер министрі – Мемлекеттік хатшы лауазымына бекітілді. 2003 жылдың маусымынан 2007 жылдың қаңтары  аралығында ҚР Сыртқы істер министрі, 2007-2011 ж. депутат, ҚР Парламенті сенатының төрағасы болды. Қазіргі уақытта Қ.К.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Европа бөлімшесінің басшысы қызметінде. БҰҰ  Бас Ассамблеясының сессия жұмыстары және көптеген ірі халықаралық мәслихаттарға қатысады.

   «Нұр Отан» Ұлттық Демократиялық Партиясының Саяси кеңесінің және Саяси кеңесі бюросының мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. 2000 жылдан – ҚР Үстел теннисі Федерациясының президенті.
Қ.К.Тоқаев – монографиялар мен халықаралық қатынастар мәселесі бойынша көптеген мақалалардың авторы. Ол – тәуелсіз  Қазақстан көпжақты ішкі саясатын құрушылардың бірі, Алматы және Астана қалаларындағы халықаралық саммиттерді өткізу жөніндегі бастамашысы. «Внешняя политика в условиях глобализации» (2000), «Дипломатия Республики Казахстан» (2001), «Бел асу» (2003) және т.б. кітаптардың авторы.
   Қ.К.Тоқаев халықтар арасындағы достастықты, ынтымақтастықты, өзара түсіністікті орнатуға, бейбітшілікті нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін: «Парасат» (1996), «Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2004) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Дружба» (Ресей, 2004), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008) медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталған.
   Көрмеде Қасымжомарт Тоқаевтың өмірі мен еңбек жолы жайында материалдар, сондай-ақ, оның: «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» (2000), «Дипломатия Республики Казахстан» (2001), «Бел асу» (2003), «Нұр мен көлеңке» (2008), «Очерки дипломата» (2007), «Векторы внешней политики» (2008) және басқа да еңбектері ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование