KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887753
2019 жылы:  21468
бүгiн:  1
қазiр:  62
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.05.2013

   2013 жылы 20 мамыр, сағ. 16.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында белгілі қазақ ақыны, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің қатысуымен туған күніне орай «Кітап. Жазушы. Оқырман»  атты  шығармашылық кеші өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, «Олжас кітапханасы» Баспа Үйі.

   Модераторы:  белгілі мәдениеттанушы, «Мұхтар Әуезов қоры» қоғамдық қорының президенті Мұрат Әуезов.

 Жыл сайын Олжас Сүлейменовтің туған күнінде Ұлттық кітапханада Ақынның оқырмандармен кездесу кешін өткізу ізгі дәстүрге айналып келеді. Бұл кездесулер ақын поэзиясына табынушылар мен жырсүйер қауым үшін ақынмен жүздесуге, оның шығармашылық жоспарларымен танысуға мүмкіндік береді.

   Кеш барысында Олжас Сүлейменовтің бастамасымен құрылған «Олжас кітапханасы» Баспа үйі басылымдарының көрме-сатылымы ұйымдастырылды. «Олжас кітапханасы» Баспа үйі  баспалар нарығында 2010 жылдың қазан айынан бері жұмыс атқарып келеді және осы уақыт ішінде 50 атаудан астам кітаптар шығарды. Баспаның қызметі әлем әдебиетінің, соның ішінде қазақ әдебиетінің (қазақ және орыс тілдерінде) озық үлгілерін басып шығаруға бағытталған. Баспа біздің қоғамның рухани дамуына маңызды, қомақты үлес қосып келеді.

   Іс шарада Бақытжан Қанапиянов, Сейдахмет Құттықадам, Дүйсенбек Нақыпов, Валерий Михайлов, Рәш Мыңбай, Леонид Гриш  және т.б. сөз сөйлеп, Олжас Сүлейменовтің әдебиеттану мен қазақ киносының дамуына қосқан үлесі туралы айтып өтті.

 Бұл іс-шара О.О.Сүлейменовтің шығармашылығын қадір тұтатын оқырмандардың қызығушылығын тудырды және еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды.

 Іс-шараға белгілі қазақ ақындары мен жазушылары, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, жоғарғы оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары,  оқырмандар және  баспасөз  өкілдері қатысты. 

                      

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование