KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887712
2019 жылы:  21427
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.05.2013

   2013 жылы 23 мамыр, сағ. 11.00-де  ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер залында Қазақстан және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик  Әбен Нұрмановтың «Шоқан сагасы» атты 10 томдық (декатом) ағартушылық шығармасының тұсаукесері өтті.

   «Шоқан сагасы» - ағартушылық және толықтырушы, ауқымды көп қырлы шығарма. Бұл еңбекте Шоқан Уәлиханов туралы бұрынғы тарихи мағлұматтардан басқа жаңа деректер енгізілген, атап айтқанда, Шоқанның Қашқарияға сапарын,  жер картасының сызбасы, халық-тар шежіресін, салт-дәстүрін жинау мақсаты. Декатомда Шоқанның экономикалық көзқарасы, маркетолог ретінде ойлары айқын көрсетілген, ел және өңіртанушылығының сыры ашылған. Автордың Шоқан Уәлиханов жүрген жерлермен жүріп өткендігі де қызықты суреттелген.
   Ә.Нұрманов көптеген кітаптардың авторы:  «Балдәурен өмірдің шырыны түс» (2001, 4 кітап), «Ғұмырнама» (2002), «Сен өз бақытыңды таптама!» (2002, 2007), «Таңғы шық», «Жара-тылыстану негіздері» (2003), «Жырла жүрек» (2004), «Нафиса ханның рухани кереметтері» (2005), «Не губи свое счастье» (2006), «Жырда жүрек», «Сағыныш» (2007), «Ода обманчивой жизни», «Ақындығым, аяулым да азабым» (2008),   «Өрік ағаш пен әйел» (2010 ), «Охо, дүние-ай!» (2012).
   Әбен (Әбдіәлі) Алдабергенұлы Нұрманов Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Қытай, Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінің  жоғары оқу орындарының Құрметті профессоры, А.Эйнштейн атындағы Халықаралық Энергетика академиясының академигі, М.Нострадамус атындағы Халықаралық Тылсым сырлар академиясының академигі, Ресей Федерациясының Педагогика және Психология академияларының академигі. Қазақстан Республикасының Б. Момышұлы атындағы «Отан қорғаушыға» Құрмет белгісімен, Ресей Федерациясының «М. Ломоносов» орденімен (ғылым саласында), Ресей Федерациясының «Гоголь» медалімен (ағарту саласында), Халықаралық «Мұстафа Кемаль Ататүрік» сыйлығының Лауреаты және Алтын медалімен, Әзірбайжан Республикасының «Гейдар Алиев» Алтын медалімен, Англияның «Қызыл Крест» Қайырымдылық орденімен, Чехияның «Король Альберт Вальхштейн» орденімен, Қырғыз Республикасы «Манас жаңғырығы - Эхо Манаса» телерадиокомпаниясының «Ғасыр Адамы» атағымен марапатталған.
   Іс-шараны «Абылай ханға 300 жыл» халықаралық медалінің иегері, Халықаралық ғалымдар және ойшылдар одағының мүшесі, «Таланттар академиясы» оқу-кеңес орталығының президенті Аят Мәдібекұлы Мылтықбаев жүргізді.
  Тұсаукесерде сөз сөйлегендер: тарих ғылымдарының докторы, профессор Тебеген Теміржан, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік мұражайдың директоры, профессор Сәуле Әбішева, философ, психоаналитик, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Гараев Мухамед, Палестинадағы «Әл Ахса» университетінің ректоры, профессор Нажих Керат, Ұйғыр ұлттық ассоциациясының төрайымы Тамара Касым, профессор, этнограф Абдулла Самсаков, жазушы, драматург, «Партия» газетінің редакторы Әл Халел Қарпық, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ешімбет Байбарақов, Сеул университетінің профессоры, академик Ким Нам Чанг (Оңтүстік Корея), медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық «Добрые люди мира» медалінің иегері Викория Занаева (Словакия), Осетин мәдени орталығының төрағасы Казбек Мамсуров, журналист, аудармашы Наталья Жданова (Санкт-Петербург), ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Саят Қамшыгер, Республикалық жеке меншік білім ұйымдарының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Роза Садықова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Алтынай Жайтапова, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Жазушылар одағының төрағасы Қайрат Дүйсен. Сөз сөйлегендер  Ә.Нұрмановтың еңбектері туралы өз пікірлерін білдіріп, олардың маңыздылығын атап өтті.
   Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасына, Алматы қаласының кітапханаларына және қонақтарға 10 томдық (декатом) жаңа басылым сыйға тартылды.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан жазушының өмірі мен қызметіне арналған «Әбен Нұрманов»  атты безендірілген кітап көрмесі ұсынылды.
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, тарихшылар, жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері,  Алматы  қаласының  кітапханашылары, БАҚ өкілдері.

                       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование