KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887764
2019 жылы:  21479
бүгiн:  1
қазiр:  59
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.05.2013

   Мерзімді басылымдар залында «Сақшы» газетінің  шыққанына 80 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды.

   «Сақшы» газеті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің органы. Басылым ел тыныштығын күзету жолындағы сақшылардың жанкешті еңбегін халыққа жеткізіп отыратын бірегей басылым.

   Алғашқы саны 1933 жылдан бастап «SAQCЬ» - «Страж»  деген атпен орыс тілінде шығарылған ведомстволық көне басылымдардың бірі. Екінші  дүниежүзілік соғыстан  кейінгі жылдары барлық бұқаралық ақпарат құралдары сияқты «Сақшы» газеті жан-жақты тақырыптағы материалдарды жариялап тұрды. Кеңес Одағы кезінде редакция Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімдерінің бірі болды. 1950 жылдан 1960 жылдарға дейін «Казахстанская милиция» деген атауымен шығарылып келсе, 1970 жылдары саяси-әлеуметтік себептермен жабылып қалды. Араға он жыл салып, яғни 1982 жылы қайта шығарылды. 1990-1997 жылдары «На страже» атауымен орыс тілінде шықты. 1993-1999 жылдары редакцияның ұйымдық-құқықтық нысаны «Сақшы» апталық республикалық газеттерінің ұйымдасқан редакциясы мекемесі, кейіннен «Сақшы» газеті  республикалық мемлекеттік кәсіпорын, 2005 жылғы 6 маусымнан бастап «Сақшы» ЖШС болып қайта құрылды. Газет  2010 жылы сәуір айында құрылған «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының  Медиа орталығы» ЖШС-де  «Сақшы» атауымен қазақ тілінде шығарылып келеді.
   Ішкі істер министрлігінің ақпараттық қызметін қарқындату мақсатында басылым ағымдағы жылы іске қосылған барлық заңнамалар мен құқықтық-нормативтік актілерге қатысты ақпараттық, насихаттау, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Ішкі істер министрлігінің төл газеті осы жылдар ішінде бірнеше мыңдық таралымы бар үлкен басылымға айналып, ішкі істер органдарындағы көптеген буындардың ажырамас көмекшісіне айналды. Басылым бетіндегі  материалдар Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-насихаттық жұмысын, сондай-ақ, қазақстандық полицияның оң имиджін қалыптастыруда, ішкі істер саласы құрылымдарының өзара жұмыс тәжірибесімен алмасуында, ішкі істер органдары қызметкерлеріне азаматтық және моральдық-адамгершілік тәрбиені, патриоттық және кәсіби біліктілікті насихаттауда үлкен рөл атқарады. Шағын басылым талай жас тілшілердің қанатын қатайтқан «алтын ұя» мектебі.

   Газеттің  бас редакторлары: С.Төлешов, И.Ильченко, Г.Сармурзин, Қ.Сиранов, И.С.Смирнов, А.Н.Пирогов, К.Мамбеталиев, В.Я.Копытин, О.Қожбанов, К.И.Тарасов, И.В.Антипов, К.Кондратский, А.З.Черепанов, Ә.Х.Сапарқұлов, Б.И.Исаев, Л.В.Броватая, Ж.Қ.Халықов, А.Б.Ахметов, А.Қ.Садубаев, Б.Р.Адилжанова.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование