KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887665
2019 жылы:  21380
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.05.2013

   2013 жылы 24 мамыр, сағ. 15.00-де  Әлем әдебиеті және сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімдерінде «Славян халықтарының мәдениеті», славян жазуының 1150 жылдығына және Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығы ҚР Ұлттық кітапханасындағы көрмесінің ашылуына кітаптар табыстау рәсімі өтті.   

 Славян жазуы мен мәдениетінің мейрамы словендік ұстаздар деп аталатын теңапостолдық әулие бауырлар Мефодий мен Кириллді еске алуға арналған ресейлік мейрамның аты болып табылады. Олар  IX ғ. басында Македонияның Солуни қаласында текті славян әулетінен шыққан. 863 жылы Византия императоры бұл екі бауырды славяндардың арасында насихат жүргізуге Моравияға жібереді. Бауырлар алғашқы славян әліппесін жасады және діни мінәжаттық кітаптарды славян тіліне аударды. Осылайша славян жазуы мәдениетінің негізі қаланды.    Мейрам Ресейде, сондай-ақ басқа да славян елдерінде ресми мейрам болып табылады.
Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің кітап көрмесінде «Евангелие» XIV ғ, «Евангелие»  XVI ғ. және кириллица мен шіркеулік-славян жазуындағы: Иоанн Дамаскин «О преподобном Варлааме и Иоасафе Царе» (1681 ж.), «Рай мысленный» (1659 ж.), «Толкование на псалтырь» (XVII ғасыр аяғы), «Псалтырь» (XVII ғ.), «Жития святых» көне славян қолжазбалары қойылған. М.Смотрицкийдің «Грамматика славенская» (1721 ж.), Л.Магницкийдің «Арифметика» (1703 ж.) және т.б. кітаптар қойылған.
  «Славян жазуына 1150 жыл» тақырыбындағы кітап көрмесіне орыстар, украиндар, белорустар, поляктар, чехтар, словактар, кашубтар, лужициялықтар, болгарлар, сербтер, хорваттар, босниялықтар, македондықтар, словендер, черногорлықтар сияқты славян халықтарының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері мен тілі жайлы әдебиеттер қойылған. Келушілер XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басында славян әліпбиінде басылған  (Канонник, Молебны, Акофисты және т.б.) ресейлік ескі және жаңа басылымдармен танысты.  
   Іс-шара бағдарламасының ашылуында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығы  ҚР Ұлттық кітапханасына 116  құнды кітаптарын сыйға тартты.
  Іс-шараға Ресей Федерациясының, Польша Республикасының консулдары,  ЖОО-ның оқытушылары және студенттері,  кітапхана оқырмандары мен мамандары қатысты.

   Кітап көрмесі 2013 жылдың 15-ші маусымына дейін жалғасады.
   Келем деушілерге есік ашық!

                           

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование