KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887743
2019 жылы:  21458
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.05.2013

 «Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақ ақыны және журналист Нармахан Бегалиевтің 70 жылдығына орай «Дара тұлғалы ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бегалиев Нармахан 1943 жылы 30 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында дүниеге келген. 1966 ж. Н.К.Крупская  атындағы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1966 ж. Бөген ауданында радиохабарларды ұйымдастырушы болып бастады. 1967-1974 жж. «Коммунизм таңы» - «Заря коммунизма» (қазіргі «Ордабасы оттары») газетінің жауапты хатшысы, редакторының  орынбасары, 1974 жылдан газет редакторы.

   Н.Бегалиев - лирик ақын, махаббат пен табиғат туралы жазылған көптеген өлеңдердің авторы. Оның өлеңдері 1961 жылдан бері жарияланып келеді. «Шаттық күйі» (1974), «Жиде жұпар шашқанда» (1978), «Жотадағы жол» (1981), «Екі томдық шығармалары» (2004) атты кітаптары жарыққа щыққан. 2 томдық кітабы жыр шумақтарынан, «Жарықшақ» поэмасынан және ақын аудармаларынан тұрады.
   Ақын Петрусь Бровка (Беларусь), Абдрахман Жами (Тәжікстан), Рабиндранат Тагор және Кабир (Үндістан), Мырза Шафи және Балаш Азероғлы (Әзірбайжан), Вадим Шефнер, Анатолий Чепурнов, Олег Цакунов (Ресей) және т.б. шетел авторларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
   Н.Бегалиев «Құрмет» орденімен, «В.И.Лениннің 100 жыл толуы құрметіне. Ерен еңбегі үшін» (1976), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медальдарымен марапатталған. «Жалын» баспасы әдебиет байқауларының бірнеше мәрте сыйлық иегері атанған. К.Симонов атындағы халықаралық байқаудың лауреаты (2007). Облыстық және аудандық депутаттар кеңесінің депутаты болған. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

   Көрмеде ақын Нұрмахан Бегалиевтің өмірі мен қызметі жайлы материалдар, сондай-ақ, оның: «Назымгөй нақыш Нармахан» (2003), «Шаттық күйі» (1974), «Жиде жұпар шашқанда» (1978), «Жотадағы жол» (1981), «Қажымұқан қағанаты» (2001), «Ордабасы: энциклопедия» (2008), «Ордабасылықтар отты жылдарда» (2010), «Қызыр қыдырған күн» (2011), «Батамен бағың ашылсын» (2011)  және т.б. шығармалары ұсынылған.

   Көрмемен танысуға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование