KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887662
2019 жылы:  21377
бүгiн:  1
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.05.2013

   2013 жылы 30 мамыр, сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер залында белгілі қазақстандық публицист, ақын, кинодраматург, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан телевизиясы академиясының академигі  Ғаділбек Шалахметовтың 70 жылдығына орай «В пустыне каждый на виду» кітабының тұсаукесері өтті.

     «В пустыне каждый на виду» кітабы – бұл ақынның күнделік өлеңдері. Кітап «Семья», «Родина», «Поэзия», «Друзьям», «Мысль», «Переводы, или двуязычие» атты алты бөлімнен тұрады. «Бұл кітап – Ғаділбектің   жанұясы, достары, әріптестері, ұстаздары, саясаткерлер, бір сөзбен айтқанда,  өмірінің күрделі соқпағында кездескен және ішкі жан дүниесін байытқан,  өзі қадір тұтатын  адамдар туралы  жолкөрсеткіш».

 Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметов 1943 жылы 9 шілдеде  Астрахан облысы  Камызяк ауданындағы Чистая Банка аралында  (РСФСР)  дүниеге келді.
 Ғ.Шалахметов «Құрмет» (2003) ордені, «ҚР Парламентіне 10 жыл» (2006), «В память 850-летия Москвы» (1997),  «Пушкин» (Ресей) медальдарымен, отандық журналистикаға қосқан орасан зор үлесі үшін  Қазақстан журналистикасы академиясы президентінің «Алтын Самұрық» сыйлығымен марапатталып, «Испытание» телефильмінің сценариі үшін Ленин комсомолы сыйлығының (1978), КСРО Журналистер  одағы сыйлығының иегері (1982), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996) атақтарын иеленді.
   Ғ.Шалахметов «Мир приносит счастье» (2000), «Принцип пирамиды» (2005, авторлық ұжымда), «Прорыв» (2008, авторлық ұжымда), «Каспий: нефть и культура» фотокітабының, бірқатар хабарлар циклінің, деректі фильмдердің, 300-ден астам  ғылыми және  публицистикалық жарияланымдардың авторы.
   Іс-шараны белгілі мәдениеттанушы, «Мұхтар Әуезов қоры» қоғамдық қорының  президенті  Мұрат  Әуезов жүргізді.
Тұсаукесерде сөз сөйлегендер: публицист, политолог, журналист Сейдахмет Кұттықадам; Халықаралық өнер академиясының академигі, құрметті архитектор Тимур Сүлейменов; белгілі әдебиеттанушы Светлана Ананьева; журналист, жазушы, Қазақстан жазышылар және журналистер одағының мүшесі Эдуард Джилкибаев; филология ғылымдарының кандидаты, доцент- профессор Сафар Абдулло; биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰУ биология факультетінің деканы Тамара Шалахметова; жазушы Смағұл Елубай; этнограф, тарих ғылымының докторы Марат Сембин; актер, сценарист, режиссер Амангелді Тәжбаев.
   Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорына және қонақтарға жаңа басылым сыйға тартылды.
   Оқырмандар назарына ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан автордың өмірі мен  қызметіне арналған «В пустыне каждый на виду» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ғ.Шалахметовтың әр жылдары  басылып шыққан   кітаптары,  жарияланымдары  және  ол  туралы  материалдар ұсынылды.
   Тұсаукесерге Қазақстанның танымал журналистері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері және оқырмандар қатысты.

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование