KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15063774
2019 жылы:  129309
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

31.05.2013

   2013 жылы 31 мамырда Астана қаласында Назарбаев Орталығында аса көрнекті  мемлекет және қоғам қайраткері Фазыл Кәрімұлы Кәрібжановтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші аясында «Рухы биік нар тұлға» тақырыбында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көшпелі көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық кітапханасы,  «Қазақ әуендері» АҚ, Фазыл  Кәрібжановтың туыстары.

   Фазыл Кәрібжанов қысқа да мағыналы ғұмыр кешіп, бар болғаны 48 жасында дүниеден өтті. Кәрібжановтың өмірбаяны – елдің шежіресі (өмірбаяны). Ол 20-30 жылдардың қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешіріп, Ұлы Отан соғысы  кезінде тылда, ал соғыстан кейінгі жылдары экономиканы қайта қалпына келтіруге, көпшілікпен бірге тыңды игеруде еңбек етті. Еңбек жолын қатардағы агрономнан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының, КСРО Жоғары Кеңесінің төрағасына дейінгі жоғары  қызметтерге көтерілді. Фазыл Кәрімұлы қазақ халқына қызмет етудің аса жоғары үлгісін көрсетті.

   «Рухы биік нар тұлға» атты кітап көрмесінде Фазыл Кәрібжановтың өмірі мен қызметіне қатысты әдебиеттер және отбасылық мұрағатынан алынған материалдар қамтылды. Көрмеде 150-ден астам баспалық және мерзімді басылымдар ұсынылды.

   Қатысушылар: белгілі академиктер, қоғам қайраткерлері, жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Астана  қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері.

              

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование