KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887674
2019 жылы:  21389
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.06.2013

   2013 жылы 5 маусым  сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер залында белгілі қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері Сырым Бөкейхановтың 75 жылдығына орай «Шәкәрім» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап ақын, философ, аудармашы, ойшыл Шәкәрім Құдайбердиевтің өміріне арналған. Шәкәрім ұлы Абаймен замандас, әрі жиен інісі. Шәкәрім өз білімін жетілдіру мақсатында Таяу Шығысқа және Еуропаға саяхаттар жасап, ғалымдармен, ақындармен, ойшылдармен кездесті. Бұл оған ғылымның әр түрлі салаларында жұмыс атқаруына, тек қана поэзиялық еңбектердің ғана емес, сонымен қатар философияда да көптеген аудармалар жасауына мүмкіндік берді. Қоғамдық өмірге етене араласа жүріп, Шәкәрім биліктің бұқара халыққа деген қатынасынан көңілі қалып, патша өкіметінің де, кеңес өкіметінің де ынтымақтасу ұсынысынан бас тартып, тау бөктерінде жалғыз тұрып, әдеби шығармашылықпен айналысуды жөн көрді. Бірақ ол Кеңес өкіметінің жауы ретінде танылып, арнайы жасақ қызметкерлерінің қолынан қаза табады. Кітапта Шәкәрімнің ұлы Ахаттың баяндауымен осы оқиғалардың болжамы, ақынның жақындары мен туыстарының тағдыры жайлы айтылады.
   Кітап авторы Сырым Бөкейханов кәсіби журналист, әдебиетші емес, бірақ ол өмірде Шәкәрім Құдайбердиевтің ұлымен жақсы таныс болды. Кітапта Шәкәрімнің балалық шағы, қызметі, өмірінде кездескен қайшылықтары және қайғылы қазасы туралы баяндалады. Кітапта қиындыққа толы Ахат тағдыры туралы да баяндалады.

   Сырым Бөкейханов 1938 жылы 1 маусымда Алматы қаласында туған. Ленинград құрылыс-инженерлік институтының түлегі. 1970 жылы Мәскеу инженерлік институтында кандидаттық диссертация қорғаған. КСРО Ғылым академиясының лазерлік жүйелер механикасы лабораториясының жетекшісі, кейін Алматы лазерлік технологиялар жөніндегі инженерлік орталық жетекшісі қызметін атқарды. Алматы және Мәскеу қалаларының ғылыми мекемелерінде, жоғары оқу орындарында қызмет атқарған. Сырым Бөкейханов Алаш қайраткері Ә.Бөкейхановтың немере інісі ғана емес, ол – нағыз қазақ зиялысы, танымал ғалым, қоғам қайраткері, ақын.
   Ол – қолданбалы механика саласындағы ғылыми мақалалардың ғана емес, сондай-ақ  «Между прошлым и будущим», «Адмиралтейства виден шпиль», «Улицы нашего детства», «Нельзя о прошлым забывать», «Оглядываясь на Фудзи», «Избранные стихи и рисунки»,» Өткен күнде белгі бар», «Лабиринты души», «Лиловый квадрат», «Мой город другим не заменить», «Опус о любви или размышления дилетанта», «Город мой Алматы», «Имена наших улиц от А до Я», «Алихан», «Дорогие мои алматинцы»  және т.б. кітаптардың авторы.

   Тұсаукесерді белгілі тарихшы, этнограф Сембин Марат Қатайұлы жүргізді.

   Іс-шараға Қазақстанның танымал азаматтары: Б.Қанапиянов, М.Гильманов, Ю.Кердот, Т.Ақбердин, М.Түсүпбеков, Б.Ыбраев, В.А. Руковишников, Г.Қ.Шандықбаева, А.Носков, Д.А.Марғұлан, Г.Әбдрәсілова, В.С.Исиков т.б. қатысып, кітап туралы пікірлерін айтты, Шәкәрім Құдайбердиев туралы тарихи мәліметтермен бөлісті.

   Автор ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының кітапханаларына жаңа кітабын сыйға тартты.

Оқырмандар назарына ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан автордың өмірі мен қызметіне арналған «Сырым Бөкейханов» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Сырым Бөкейхановтың әр жылдары жарияланған кітаптары, жарияланымдары және ол туралы материалдар ұсынылды.

   Тұсаукесерге жазушылар, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, достары, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері және оқырмандар қатысты.

                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование