KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887701
2019 жылы:  21416
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.06.2013

   2013 жылы 7 маусымда  ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер залында Алматы қаласындағы Польша Республикасы консулдығының қолдауымен белгілі поляк жазушысы Януш Леон Вишневскиймен кездесу кеші өтті.

Януш  Леон Вишневский - Польшаның казіргі әйгілі жазушыларының бірі. 1954 жылы Торунь қаласында дүниеге келді. Қазіргі кезде жазушы Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында молекулярлық биологиямен айналысуда.
   2001 жылы жазушы «Одиночество в сети» атты үздік романынан кейін әлемге танымал болды. Кітап кейіпкерлері көбінесе жазушының өмірінде кездескен шынайы адамдар. Олар ғаламтор арқылы танысып, өздерінің бастан кешкен өмірлері жайлы пікір алмасады.
 Поляк жазушысы Януш Леон Вишневский тек өз елінде ғана танымал болып қоймай, оның жазушылық шеберлігі Польшадан тыс елдердің миллиондаған оқырмандарының жүрегінен орын алды. Жазушы әйел психологиясын жетік меңгерген және көптеген оқырмандардың пікірі бойынша әйел жанының жасырын құпияларын ашқан жалғыз автор.
   Оның қаламынан шыққан көптеген танымал бестселлерлер:«Аритмия чувств», «Повторение судьбы», «На фейсбуке с сыном», «Молекулы эмоций», «Между строк», «Любовница», «188 дней и ночей», «Мартина», «Зачем нужны мужчины?»  және т. б. басылымдары бар. Януш Леон Вишневскийдің кітаптары Ресей баспасында жалпы таралыммен 1 миллион данадан аса басылып шықты. Жазушы неміс, ағылшын, поляк және орыс тілдерін меңгерген. Ғаламторда өзінің жеке сайты бар.
 Қазақстанға Я.Вишневскийдің алғашқы келуі. Поляк жазушысы Януш Вишневский оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, өз өмірінен және кітаптың кейіпкерлері туралы әңгіме жүргізді. Жазушы өз тарапынан кітапхана қорына өзінің авторлық басылымдарын сыйға тартты.
   Кеште ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары А.Х.Юсупова, Алматыдағы Польша Республикасы елшілігінің Бас консулы, Қазақстандағы Польша Республикасының Титулярлық елшісі В.Осуховский сөз сөйлеп, елшілік атынан кітапхана қорына кітаптар сыйлады.
   Кездесуге Алматыдағы Украина Республикасы елшілігінің Бас консулы М.С.Колядин, Алматы қаласындағы Поляк мәдени орталығының төрағасы О.Ч.Червинский, мәдени орталықтардың басшылары, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, ғалымдар, оқырмандар, қала кітапханаларының мамандары қатысты.
   Кездесу кешін белгілі әдебиеттанушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сыртқы байланыс және талдау бөлімінің меңгерушісі С.В.Ананьева жүргізді.
   Іс шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде поляк халқының тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы әдебиеттер және Я.Вишневскийдің поляк, ағылшын, орыс және басқа тілдеріндегі шығармалары ұсынылған.

                 

         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование