KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887765
2019 жылы:  21480
бүгiн:  1
қазiр:  57
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.06.2013

   Өнер бөлімінде Қазақстанның халық әртісі Мұхтар Бақтыгереевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Сахна сардары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мұхтар Бақтыгереев (1933-1999ж.) – актер, Қазақстанның халық артисі.
   Атырау қаласында дүниеге келген. Театрға деген құштарлық сезімі мектепте жүрген кезінен оянып, 15 жасында Атырау облысаралық Махамбет атындағы қазақ драма театрына орналасады. Әуелі сахна жұмыскері, кейін актер болып әр алуан рөлдерді: Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» (Баймағамбет), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (Қодар), У.Шекспирдің «Асауға тұсау» (Петруччо), М.Ақынжанов пен Қ.Қуанышбаевтың «Майра» (Аңдамас) және т.б. сомдады. 1954 ж. Алматы театр училищесін бітірді. 1954-1956 ж. «Қазақфильм» студиясында, 1956 жылдан Жастар мен балалар театрында актер болып, спектакльдерде басты рөлдерде: Ш.Хұсайыновтың «Біздің Ғани» (Асанбай), И.Байзақовтың «Ақбөпе» (Құдияр), Н.Хикметтің «Әпенде» (Нұри), Х.Хамзаның «Бай мен кедей» (Ғафур), Р.Гамзатовтың «Тау қызы» (Осман), М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн» (Дәуріш), У.Шекспирдің «Гамлет» (король), Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» (Науан), М.Әуезовтің «Алуа» (Доғал) және т.б. ойнады. Мұхтар Бақтыгереев ұлт сахна шеберлерінің бірі, ол сомдаған образдар терең психологиялы астарымен, сараң қимыл, сарабдал мінезімен ерекше.
   Мұхтар Бақтыгереев Қазақстан мен Орта Азияның кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан актерлердің бірі. Ол 60-тан астам көркем фильмдерге түсті. Телефильм, радио-пьеса саласында сіңірген еңбегі де ұшан теңіз. Киноға түсіп қана қоймай, оны орыс тілінен аударып, оқып жеткізген актер. Ол қазақ радиосы мен ұлттық теледидардан жиі монологтар мен қызғылықты диалогтардың тұрақты хабаршысы болды.
   ҚазКСР-нің Құрметті әртісі (1965), М.Әуезовтің «Алуа» спектакліндегі Доғал рөлі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық әртісі (1991).
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Мұхтар Бақтыгереев туралы әдебиеттер және  күйтабақтар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование