KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15063087
2019 жылы:  128622
бүгiн:  2492
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.06.2013

   2013 жылы 12 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, публицист М.Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай кітапхананың жас кітапханашылары арасында «Мен жастарға сенемін!» сайысы өтті.

   Сайыстың мақсаты – Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау, жас мамандардың шығармашылығының дамуына септігін тигізу, кітапханашылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен кәсіби біліктілігін арттыру.
   Ғылыми-әдістемелік қызмет ұйымдастырған сайыс 4 шарттан тұрды:
   1. Қатысушының өзін-өзі таныстыруы;
 2. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған дәстүрлі немесе виртуалды көрме ұйымдастыру;
   3. Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша көпшілік шараның сценарийін дайындау;
   4. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларынан үзінді, өлеңдерді мәнерлеп оқу.

   Сайысқа Ұлттық кітапханада еңбек ететін 20-30 жас аралығындағы 15 жас кітапханашы сынға түсті.
   Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені А.Сейдахметова, бірінші орынды А.Байдарова, екінші орынды Г.Ауғанбаева, үшінші орынды  З.Тоқбергенова иеленді. «Үздік сценарий» номинациясы бойынша А.Тұрсынханова, «Үздік көрме» номинациясы бойынша К.Накипбекова марапатталды. Жеңімпаздарға бағалай сыйлықтар және барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование