KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887684
2019 жылы:  21399
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.06.2013

«Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақ ақыны, жазушы және драматург Жұмабек Еділбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қажырлы қалам тартқан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Жұмабек Еділбаев (1923-1983) 1923 жылы 15 маусымда Оңтүстік  Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келген. 1944 ж. Түркістан педагогикалық училищесін бітірген. Өзінің еңбек жолын 1944 ж. Шымкент, Қарағанды облыстық заң орындарында қызмет атқарып бастаған, сосын Түркістан аудандық партия комитетінде, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газет редакциясында редактор, өлкелік радио комитетінде, КСРО Журналистер Одағының өлкелік бөлімшесінде әр түрлі қызметте болған.

   Жұмабек Еділбаев – 200-ден астам шығарманың авторы. «Оңтүстік самалы» атты өлеңдер мен поэмаларының алғашқы жинағы 1960 жылы жарық көрген. Кейінгі жылдары ол  бірқатар романдары мен әңгімелерін: «Жоғалған кілт»  (1960), «Сыр пернесі» (1967), «Бүгінгі ауыл адамдары» (1969), «Тергеуші толғанады» (1973) және т.б. жеке кітап түрінде жарыққа шығарды. Жазушының негізгі тақырыбы халық қозғалысы, өмірдің жаңа социалистік құрылысы болып табылады.

   Ж.Еділбаев, драматург ретінде, облыстық театрларда қойылған: «Сезікті секіреді» (1969), «Әке мен бала» (1970), «Жалғасқан жүректер» (1976), «Қоштасқым келмейді» (1981), «Дәу әже» (1983) және т.б. пьесаларымен белгілі.

   «Түркістан» романы XX ғасырдың 20 ж. аяғындағы Оңтүстік Қазақстан облысында Кеңестік биліктің қалыптасуына, Түркістан округында ауылдарды кеңестендіруге  және 30 ж. бірінші жартысындағы Қаратау өнеркәсіптік ауданында индустриаландырудың басталуына арналған. Атақты бай әулеті мен қарапайым халықтың бейнесінде қазақ ауылының өмірінде өзгерісті революциялық кезеңнің өте күрделі әлеуметтік және психологиялық жағдайын, қалалар мен ауылдардағы тапқа жіктелу, кедейлердің өз құқықтары үшін күресуі айқын көрсетілген. Жазушы болмысты бар зейінімен зерттеп, заман ағысымен қатарласа өмір сүруге талпынды. Қазақ халқының әр алуан өмірі мен ауыл еңбекшілерінің ерлік істері жазушының көңілін толғантпай қоймады.

   Көрмеде жазушының еңбек жолы мен өмірі жайында материалдар және оның шығармалары: «Оңтүстік самалы» (1960), «Жоғалған кілт» (1960), «Сыр пернесі» (1967), «Тергеуші толғанады» (1973), «Түркістан» (1976), «Қылмыстың жолы қысқа» (1980), «Сын сағатта» (1980),  «Тереңдегі тебіреністер» (1984), «Алтын арал» (1985), «Суровое испытание» (1987) т.б. ұсынылған.

   Көрмемен танысуға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование