KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887723
2019 жылы:  21438
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.06.2013

Әлем әдебиеті бөлімінде танымал чех сатирик-жазушысы Ярослав Гашектің 130 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  

Ярослав Гашек (1883-1923 жж.) мұғалім отбасында дүниеге келді. Коммерциялық училищені бітірді. ХХ ғасырдың басында жазушы жолжазба очерктерімен және әзіл-сықақты тұрмыстық суреттемелерімен баспасөз беттерінде жариялана бастады. Кейінгі жазылған әзіл-сықақты әңгімелер және фельетондарындағы  айрықша өткір сюжеттермен және дәлдікпен қоғамды сипаттама беру арқылы Я.Гашек австриялық соғысқұмарларды, мемлекеттік аппараттың бюрократизмін және буржуазиялық моральды, шіркеу және мәдениетін сынады, халықтың  ауыр жағдайын көрсетті. 1915 жылы I-ші дүниежүзілік соғыс кезінде Австрия-Венгрия армиясына алынып, кейін орыстарға тұтқынға түседі. 1916 жылы  Россияда құрылған әскери бөлімге еніп, «Чехославан» (Киев қ.) газетінде жұмыс істеді. Октябрь төңкерісінен кейін Я.Гашек Кеңес үкіметі жағына шығып, 1918 жылы  РКП(б) Қызыл Армиясының (Мәскеу қ.) қатарына алынды. Шығыс майданының 5-ші армия саяси бөлімінде партия жұмысын жүргізіп,  майдандық газеттерде істес болды. Ол орыс тілінде жазылған фельетондарда интервенттерді, Колчакты, контрреволюцияны, дін басқарушылар мен буржуазияны сынға алды. 1920 жылы Я.Гашек  отанына оралып,  мерзімді басылымдағы қудалауға қарсы Советтік Ресейді қорғайтын фельетондармен жауап берді.
   1912-1913 жылдары баспадан «Сайыпқыран солдат Швейк және басқа таңғажайып оқиғалар», «Пан Тенкраттың қайғы-қасіреті», «Шетелдіктерге жол көрсету» атты жинақтары  жарық көреді. 1915 жылы  Гашектің тағы бір «Моя торговля собаками» атты әңгімелер жинағы шығады. Гашек сатирасының шыңы – «Сайыпқыран солдат Швейктің әлемдік соғыс кезеңіндегі бастан кешкендері» (1921-1923 ж., аяқталмаған). Романда  халықтың тұрмыс жағдайының шынайы  көріністерін  автор сатиралық сынға алды. Швейк – «кішкентай адам» соғысқа қарсы халықтың наразылығын білдіруші,  қарапайым адамның  бет-пердесі арқылы ол буржуазиялық мемлекеттік аппаратқа қарсы күресіп, халыққа қарсы буржуазиялық саясатты күлдіргі түрде жеткізді. Роман жеке шығарылымдармен шығып, оқырмандарға танымал болды. Шығарма бірнеше рет сахнаға қойылып, экранға шығарылды. Прагаға қайтып келісімен Гашек тағы да үш әңгімелер жинағын шығарды: «Две дюжины рассказов» (1921), «Трое мужчин и акула» (1921), «Мирная конференция и другие юморески» (1922).

   ҚР Ұлттық кітапхана қорынан ұйымдастырған кітап көрмесінде автордың  басылымдары және ол туралы көптеген әлем тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған:  «Сайыпқыран солдат Швейктің әлемдік соғыс кезеңіндегі  бастан кешкендері», «Вино лесов, вино земляничное», «Страшная клятва», Еланский Н.П. «Ярослав Гашек», Дунаевский А.М. «Иду за Гашеком» және т.б.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование