KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887670
2019 жылы:  21385
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.06.2013

   Әлем әдебиеті бөлімінде көрнекті кеңес педагогы және жазушысы А.С.Макаренконың 125 жылдығына арналған «Адамды тәрбиелеу» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  

  А.С.Макаренко (1888-1939 жж.) Белополье қаласы, Харьков губерниясы, Сум уезінің вагон теміржол шеберханасының жұмысшы-сырлаушысы жанұясында 1888 жылы 13 наурызда дүниеге келді.1897 жылы бастауыш темір жол училищесіне түседі. 1904 жылы Кременчук қаласындағы қалалық төрт жылдық училищені бітірді. 1914-1917 жылдары Полтава мұғалімдік институтында оқып, оны  алтын медалмен бітірді. Диплом тақырыбы - «Қазіргі педагогика саласының тоқырауы».
  Өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары Полтава қаласының жанындағы Харьков қалашығында Ф.Э.Дзержинский атындағы кәмелетке толмаған заң бұзушы балаларға арналған еңбек колониясын басқарды. Педагогика тәжірибесінде бұрын болмаған қараусыз калған жетім балаларды жалпылай қайта тәрбиелеудің тәжірибесін жүзеге асырды. Балалардың оқуы мен оларды еркін өндірістік шығармашылық жұмыспен тәрбиелеуді біріктіре алды. Жастарды тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу (оның ішінде қараусыз қалған балалар) саласындағы жетістіктері А.Макаренконы орыс және әлем мәдениеті мен педагогикасының белгілі қайраткерлерінің қатарына қосты.1934 жылдан Кеңес жазушылар одағының мүшесі болды. 1935 жылы 1 шілдеден бастап Киев қаласында Украина КСР Ішкі істер халық комиссариатының орталық аппаратында  еңбек колониясы бөлім бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 1937 жылы Мәскеуге көшеді, әдебиетпен айналысып, оқырмандар  мен ұстаздық кеңестерде дәріс оқыды.А.Макаренко ұжымдық тәрбие теоретиктерінің бірі, ол ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу, тұлға мен ұжымның өзара қарым-қатынасын, өзін-өзі басқару әдістемесін құрастырды. Жоғарғы Кеңес Президиумның қаулысымен 1939 жылы Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталды. 1939 жылы А.Макаренко қайтыс болып, Новодевичье зиратында жерленді.

   ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша А.Макаренко ХХ ғасырдағы педагогикалық ой-сана әдістерін енгізген төрт педагогтың бірі ретінде танылды.

   ҚР Ұлттық кітапхана қорынан ұйымдастырған кітап көрмесінде ұстаздың еңбектері: «Педагогическая поэма», «Марш 30-го года», «Флаги на башнях», «Книга для родителей», «Педагогикалық поэма», «Ата-аналар кітабы» және ол туралы әдебиеттер орыс, қазақ, ағылшын және т.б. әлем халықтарының тілдерінде ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование