KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887737
2019 жылы:  21452
бүгiн:  1
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.06.2013

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғалымдар залында белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі және қоғам қайраткері Қаңлыбаева Жамалдың туғанына 90 жыл толуына орай, «Кенші ғалым – Жамал» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

  Қаңлыбаева Жамал Мұсағалиқызы (1923-1974) 1923 жылы 25 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. 1946 жылы Қазақ тау-кен металлургиясы институтын бітіріп, Қазақ КСР Ғылым академиясының маркшейдер және геодезия секторына жұмысқа жіберіледі. 1949 жылдан Қарағанды тас-көмір алабы өнеркәсіптік саласының шахталарында өзіндік ғылыми жұмысын жүргізді.
  Ж.М.Қаңлыбаеваның негізгі ғылыми еңбектері жер қабаттарында шахта қазбаларының әсерінен пайда болатын жылжу процестерін радиоактивті изотоптар әдісін қолдану арқылы зерттеуге арналған. Жүргізген зерттеулер нәтижесінде 1952 жылы «Расчет сдвижения поверхности под влиянием подземных разработок в Карагандинском бассейне» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Көпжылдық зерттеулер нәтижелерін жинақтап, қорытып, Ж.М.Қаңлыбаева «Закономерности и методика изучения процесса сдвижения горных пород в массиве и некоторые вопросы подземных разработок (на примере Карагандинского бассейна)» тақырыбында докторлық дисертациясын қорғап, техника ғылымдарының докторы ғылыми атағын иеленген алғашқы қазақ әйелі болды. 1968 жылы оған профессор ғылыми дәрежесі берілді, ал 1970 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды.
   Ж.М.Қаңлыбаеваның сіңірген ең үлкен еңбегі қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін бұрынғы Кеңес Одағы мен шет елдерде насихаттау. Ол тау жыныстары механикасы бойынша, тау жыныстарын қозғау саласындағы жаңа зерттеу әдістері жөніндегі баяндамаларымен және дәрістерімен халықаралық конгрестерге, конференциялар мен симпозиумдарға белсене қатысты.
   Ғылыми жұмысымен қатар, Ж.М.Қаңлыбаева Республикалық саяси және ғылыми білім беру қоғамы президиумының төрағасының орынбасары, кеңес-корей достастығы қоғамының Қазақ бөлімі бюросының төрайымы, Кеңес әйелдері Комитеті президиумының мүшесі болып, ауқымды қоғамдық-саяси қызметпен де айналысты. Қаз.КСР Жергілікті Кеңесінің депутаты, сондай-ақ, КСРО  Жергілікті Кеңесіне сайлау бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды.
   Ғалымның еңбегі Қазақстан мен  КСРО Үкіметімен және ғылыми жұртшылықпен жоғары бағаланды. «Құрмет Белгісі» орденімен (1967), «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен, I және II дәрежесі, «Шахтерская слава» белгісімен, Қаз.КСР Жергілікті Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Д.А.Қонаев атындағы  Тау-кен ісі институтының Құрметті ғылыми қызметкері» атағын иеленген (2002).

   Көрмеде Ж.М.Қаңлыбаеваның өмірі мен еңбек жолы жайындағы материалдар және оның ғылыми еңбектері: «Закономерности сдвижения горных пород в массиве» (1968), «Теоретические основы для выбора места заложения полевых штреков» (1969), «Физико-механические свойства горных пород и их влияние на процесс сдвижения массива» (1972), «Метод наблюдении за сдвижением горных пород в толще массива с помощью радиоактивных изотопов» (1973) және т.б. ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование