KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887731
2019 жылы:  21446
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.06.2013

   ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер залында XVIII ғасырдағы қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай ханға арналған  «Айбынды Абылай ханға – 300 жыл» тақырыбында көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

  Абылай хан - Орта жүздің сұлтаны Көркем-Уәлидің ұлы. Қанішер атанған Абылайдың немересі, Жәңгір ханның бесінші, Барақ ханның тоғызыншы ұрпағы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келіп, оның түйесін бағады. Бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтері бойынша, Абылай жасынан қан майданда ерлігімен танылған. 1730-33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің баласы  Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады.
   Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан калжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломаттық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 ж. ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің "қамқорына" кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылайдың билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай хан қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1752-1753 ж. жоңғар әскерлерімен шайқасты, 1756 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасты. Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 ж. және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барак пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай хан Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын аңықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. Абылай хан көреген билеуші ретінде анталаған жауды ықтырып, қазақ даласында тыныштықты ұзақ уақытқа орнатқан, қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырған, есімі қазақ даласында жауынгерлік ұранға айналған қазақтың соңғы ханы.
   Абылай каһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретіңде де белгілі. Ол - "Ақтолқын", "Бұлан жігіт", "Дүние қалды", "Жетім торы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржынқақпай", "Майда жел", "Садаққаққан", "Сары бура", "Шаңды жорық", т.б. күйлердің авторы.
   Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды.  Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде жерленген.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихы жөніндегі энциклопедиялық және  анықтамалық басылымдар, Абылай ханның өмірі және қызметі жайлы әдебиеттер қойылған.  Көрмеде сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан  алынған құжаттар ерекше орын алады.

   Көрмеге шақырамыз!

          

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование