KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887685
2019 жылы:  21400
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.06.2013

   «Қазақстан кітаптары» және мерзімді басылымдар бөлімдерінің оқу залдарында Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай «Жастар таңдауы – есірткісіз болашақ» және «Болашақ бүгіннен басталады» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

   1987 жылдың 26 маусым айынан бастап бүкіл дүние жүзі жұртшылығы Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес күнін атап өтеді.
   XXI ғасырда есірткі қолдану адамзаттың аса өткір мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл – барлық мемлекет қозғап отырған және көптеген елдердің экономикасы мен адамдардың денсаулығына нақты қауіп-қатер тудыратын жаһандық мәселе. Халыққа нашақорлықтың қауіптілік деңгейін көрсететін бағыттағы ақпараттар және нашақорлыққа қарсы іс-шаралардың рөлі мен маңызы өсті. Бұл іс-шаралардың мақсаты халықты нашақорлыққа деген кері психологиялық әсерін тигізу болып табылады.
   Есірткі құралдары адам ағзасына кері әсерін тигізеді және әлеуметтік статусты төмендететін физикалық, рухани азғыруына алып келеді. Нашақорлықтың қарқынды таралуы көп сатылы апатқа, яғни әртүрлі зиянды зардап шектіретін демографиялық, экономикалық,  саяси-әлеуметтік жағдайлардың құлдырауына әсер етеді.
   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 Қаулысымен Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған Салалық бағдарламасы еңгізілді.
Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың қалыптастырып жатқан жүйесін жетілдіру.

   Тақырыптық көрмелерде ҚР Ұлттық кітапхана қорынан алынған адамзатқа нашақорлықтың зардабы туралы ақпараттар, салауатты өмір жайлы, есірткіні қолдануға қарсы ұстамдылыққа шақыратын материалдар ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование