KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887761
2019 жылы:  21476
бүгiн:  1
қазiр:  63
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.06.2013

  Өнер бөлімінде Қазақстанның халық әртісі Жамал Бектасованың 90 жылдық мерейтойына арналған «Өнердегі өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Жамал Бектасова (1923-2003ж.) – актриса, Қазақстанның халық артисі. Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы театр студиясын (проф. А.Тоқпановтың жетекшілігімен) 1940 жылы бітірді. Студияда оқи жүріп, Қазақ академиялық драма театрының сахнасында ұлттық театрдың негізін қалаушылардың бірі – С.Қожамқұлов пен Ш.Аймановтай тарланбоз шеберлермен бір спектакльде ойнап, мол тәлім алды. Ж.Бектасова театр студиясын бітірген соң Қызылорда облыстық драма театрының труппасында қызмет етті. 1947 жылдан Алматы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер (қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры) театрында еңбек етті. Ол әр алуан рөлдерді: М.Ақынжановтың «Алтын сақа» (Күнбала), Ш.Хұсайыновтың «Көктем желі», «Рәбиға», «Біздің Ғани», «Есірткен еркесі» (Қорлан), (Алтынай), (Күлпаш), (Айкен), Қ.Мұхамеджановтың «Қуырдақ дайын», «Өзіме де сол керек» және «Бөлтірік бөрік астында», (Күлән), (Әсия), (Қатира), Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» (Дәмелі), Б.Мұқайдың «Өмірзая» (Рахия), Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» (Луиза), А.Н.Островскийдің «Адам аласы ішінде» (Софья Игнатовна), У.Шекспирдің «Вероналық екі бозбала» (Джулья) т.б. тамаша сомдады. 1945 жылдан кино саласында «Абай әні» (Қыз), «Ана туралы аңыз» (Жамал), «Айнамкөз» (Бәйбіше) т.б. фильмдерге түскен. 250-ден астам фильмнің дубляждарына қатысқан.
  1958 жылы Қазақтың жастар мен балалар театры құрамында Москва қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің Онкүндігінде өнер көрсетті.

  Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Жамал Бектасованың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер және  күйтабақтар ұсынылған.

    Кітап көрмесіне шақырамыз!                                                            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование