KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887752
2019 жылы:  21467
бүгiн:  1
қазiр:  62
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.07.2013

ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде Астана қаласының 15 жылдығына арналған «Рухы асқақ Астана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Биыл еліміз айтулы оқиға - елордамыз Астананың 15 жылдық мерейтойын  атап өткелі отыр. 1997 жылы егеменді Қазақстанның  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынды. Бұл тәуелсіз мемлекеттің алғашқы стратегиялық батыл бағыттарының бірі болатын. Елбасының бұл шешімі қаланың Қазақстан мен Еуразия континентінің орталығында маңызды геосаяси орналасуына, көлік және қатынас инфрақұрылымы болуына байланысты туындады. 1998 жылы Елбасы жаңа елорданы «Астана» деп атауға шешім қабылдады.

   15 жылдың ішінде Астана өркендеген, инфрақұрылымы дамыған қалаға және мәдени, саяси, қоғамдық өмір тіршілігінің орталығына айналды. Қазақстанның қазіргі заманғы астанасы өркендеп, құлпырып, Қазақстан тұрғындары мен шетел қонақтарының қызығушылықтарын оятуда.  Еуропалық және шығыс мәдениетінің дәстүрлері кірістірілген қазіргі заманғы сәулет стилі жаңа астананың экономика, саясат және мәдениет орталығы ретіндегі келбетін айқын бейнелейді. Астана қаласына Елорда мәртебесін беру қаланың өсуіне, дамуына орасан зор ықпал етті.  Осы уақыт аралығында қала ажары түбегейлі өзгеріп қана қоймай, өндіріс, құрылыс, мәдениет, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету салалары да айтарлықтай өзгерді. Қала халқының саны шапшаң өсе бастады.

   Астана жыл сайын әлемдік деңгейдегі іс-шаралар өткізілетін орынға айналып келеді. 2011 жылы Қысқы Азия ойындарының ашылуы, 2010 жылы ОБСЕ саммиті өтті. Жыл сайын ірі конгрестер, саммитер, діни съездер, Астаналық экономикалық форумдар өткізіліп тұрады. 2012 жылы 23 қарашада Көрмелердің халықаралық бюросы Бас ассамблеясының (Штаб-пәтері Парижде) 152 сессиясы отырысында Астана «Болашақ қуаты» тақырыбындағы ЕХРО–2017 халықаралық мамандандырылған көрменің өткізілу орны ретінде таңдалды. Астана жаңа Қазақстанның мақтанышына, ұлттық идея мен ел бірлігі нығаюының белгісіне айналды. Қазақстанның болашағы – Астананың тікелей болашағымен байланысты. Астана бүгінгі Қазақстанның жаңа бейнесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

   Кітап көрмесі «Тарихы терең Елорда», «Евразия жүрегінде», «Жан жүрегім –Астанам!»  атты  3 бөлімді қамтиды. Көрмеде Астананың тарихы мен болашағы, оның экономикалық, мәдени және әлеуметтік даму аспектлері туралы және т.б. әдебиеттер  ұсынылды.

                                                  

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование