KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887693
2019 жылы:  21408
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.07.2013

  Әлем  әдебиеті  бөлімінде парсы поэзиясының ұлы классигі, ортағасырлық Шығыстың ғұламасы Омар Хайямға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Гиясаддин Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрагим Хайям Нишапури 1048 жылы Нишапур қаласында дүниеге келген. Осы  қалада оқып, кейін сол кездегі ірі ғылым орталықтарында, соның ішінде Балхта және Самарқандта білімін жалғастырды.  Ол кең көлемде сол кездегі дамыған дәл және жаратылыстану ғылымдарын: математиканы, геометрияны, физиканы, астрономияны, меңгерді, философияны, теософияны, құрантануды, тарихты, құқықтануды және филологиялық пәндерді арнайы  зерттеді. Өзінің туған поэзиясын, араб тілін және араб әдебиетін жетік білген, өлең шығару негізін меңгерген. Омар Хайям астрологияның және шипагерліктің шебері болды, музыка теориясын кәсіби шеңберде зерделеді. 1069 жылға жуық ол Самарқандта жүріп «О доказательствах задач алгебры и ал-мукабалы» атты трактатын жазды, бұған дейін екі математикалық трактаттары жазылған. 1071 жылы Исфахандағы ірі астрономиялық обсерваторияны басқарды, 1077 жылы «Комментарии к трудным постулатам  книги Евклида» атты кітабын аяқтады, 1079 жылы өзінің әріптестерімен бірге григориан жылнамасына қарағанда дәлірек саналатын  жылнаманы шығарды. ХІ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында әміршілердің ауысуына байланысты  обсерватория жабылғаннан кейін Хайям Меккеге қажылыққа барды. 1097 жылдары  Хайям Хорасан уәзірінің қоластында дәрігер болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ол өзінің парсы тіліндегі «О всеобщности бытия» атты философиялық трактатын жазды. Өмірінің соңғы 10-15 жылдарын  Хайям Нишапурда  оңаша өткізді, 1122 жылы 4 желтоқсанда қайтыс болды.
   Хайям Европада бірінші рет ХІХ ғасырда тамаша төрт шумақты өлеңдердің (рубаи) авторы ретінде таныла бастады. Хайямның шығармашылығы Орта Азия және Иран халықтарының мәдениеті мен адамзат тарихында  тамаша құбылыстың бірі болып табылады. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша жыл сайын мамыр айында әлемге әйгілі классик, математик, астроном, ақын және философ - Гиясаддин Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим Хайям Нишапуриді еске алу күні аталып өтеді. «Рубаилар» - әлемдегі ең үздік шығарма, оны ЮНЕСКО-ның 2006 жылғы «Мәдени диалогқа маңызды үлес қосқан үздік шығарма» дипломы растайды. Оның физика, математика, астрономия саласындағы еңбектері көптеген тілдерге аударылған және тарихи маңызы зор.

  Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың танымал еңбектері мен ол туралы орысша, қазақша, ағылшын, парсы  және басқа тілдердегі әдебиеттер ұсынылған.  

   Құрметті оқырмандар! Кітап көрмесіне келіңіздер!       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование