KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887776
2019 жылы:  21491
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.07.2013

  Әлем әдебиеті бөлімінде ежелгі грек философы Платонға арналған «Платонның дүние танымы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Платон (IV-Vғ.б.э.д.) – антикалық дәуірдің ең ұлы ойшылдарының бірі. Оның  шығармашылығы бүкіл адамзат мәдениетін рухани  байытып, дамытты. Платон есімімен саяси философияның  қалыптасуы тығыз байланысты. Ежелгі  грек философы Платон Афинада ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Ол ең үздік оқытушылардан тәрбие алып, өлең жазумен  айналысты. Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 407 жылы Сократпен танысып, оның ең алғыр оқушысы болды. Ол 389 жылы Оңтүстік Италияға, Сицилияға барып Пифагор ілімімен айналысушылармен қарым-қатынас орнатады. Афинада өзінің мектебі – Платон Академиясының негізін қалайды. Ол көп жазды, дәрістер оқыды. Платонның барлық шығармалары әңгімелесу (әңгімені көбіне Сократ жүргізеді) түрінде жазылған. Оның тілі және тілдік  құрылымы жоғары көркемділігімен, адамгершілігімен ерекшеленеді. 
  Платон мемлекет және құқық философиясының негізін қалаушы болып табылады. Платонның мемлекет және құқық  ілімі – оның  философиясының негізгі  ажырамас бөлігі.  Платон шығармашылығы  24 ғасыр бойы зерттеушілердің назарынан түскен емес. Оның ертеректегі еңбектеріне – «Апология Сократа», «Критон», «Эвтифрон», «Лазет», «Лисий», «Хармид», «Протогор», «Государство» (1-ші кітабы); өтпелі кезеңге - «Горгий», «Менон», «Эвтидем», «Кратил», «Гиппий меньший» және т.б., толысқан шағына – «Федон», «Пир», «Федр»,  «Государство» (II-X кітабы), «Тетэт», «Парменид», «Софист»,  «Политик», «Филеб», «Тимей» және «Критий»; соңғы кезеңіне – «Законы»  диалогтары жатады.
   Платон еңбектерінде қазіргі таңда да маңызын жоймаған көптеген  іргелі мәселелер  алғаш рет көтеріліп, талданған. Платонның «Государство» и «Законы» шығармалары  ең ірі  еңбектері болып табылады.   Платон философиясының тарихи маңыздылығы  идеализм  шындығының негізін қалауымен ерекшеленеді. Платон  идеялары  сан ғасырлар бойғы платонизм мен  неоплатонизм дәстүрінің ой-пікір негізіне арқау болып келді.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Платонның әлем тілдеріндегі  еңбектері және ол жайлы әдебиеттер, мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар  ұсынылған.

   Құрметті оқырмандар!  Көрмені тамашалауға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование