KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887789
2019 жылы:  21504
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.07.2013

  Мерзімді басылымдар бөлімінің оқу залында «Техника–молодежи» журналына 80 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды. 

   «Техника - молодежи» - ай сайын шығатын ғылыми-танымдық, әдеби-көркем журнал. 1933 жылдың шілде айынан бастап шығады. 1980 жылдың аяғы - 1990 жылдың басында журнал батыс авторларының ғылыми-фантастикалық  шығармаларын жарыққа шығаруымен көпшілікке әйгілі болды. Мысалы, журнал бетінде  Артур Кларктың «Фонтаны рая» және Эдмонд Гамильтонның «Звёздные короли» романдары алғаш рет  орыс тілінде жарияланды. Журнал Кеңес Одағы кезінде отандық әскери техника саласындағы жетістіктерді, спорттың техникалық түрлерін  алғашқылардың бірі болып көпшілікке мәлімдеген. Журнал  «Техника и технологии», «Изобретения и инновации», «Ремесла и увлечения»,  «Техника и спорт», «Клуб любителей фантастики», «Загадки забытых цивилизаций» тб. негізгі тарауларды қамтиды. Журнал редакциясында әуесқой құрастырылған автомобильдердің 20-дан аса  бүкілресейлік және халықаралық көрсетілім-байқаулары ұйымдастырылды. Телевидениеде  журналда жарияланған  материалдарды пайдаланған және оның авторларының қатысуымен  «Это вы можете» хабары шығып тұрды. Журналдың мұрағаты 900-дей нөмірді құрайды, бұл деген миллиардқа жуық журналды алты миллиард адам оқыды деген сөз. Журнал жарияланымдарын ресей ғылыми-техникалық интеллигенциясының алты ұрпағы оқып өсті. Журнал әрқашан жас оқырмандарына ғылыми-техникалық білім негіздерін берді, ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің, медицина, космос, ауыл шаруашылығының соңғы жаңалықтары мен жетістіктерімен таныстырды.

   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы «Техника - молодежи»  журналының әр жылдардағы басылымдары мен журналдың даму кезеңдеріндегі редакция қызметінің жұмысы мен табыстарын көрсететін мақалалар қойылды.

   Құрметті оқырмандар! Кітап көрмесіне келіңіздер!

                                  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование