KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887779
2019 жылы:  21494
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.07.2013

   2013 жылы 23 шілде, сағат 11.00-де Кітапханатану залында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы, Қазақстан Ленин комсомолы және  Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының иегері, Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері Оралхан Бөкейдің туғанына 70 жыл толуына орай «ҚазАқпарат» баспа корпорациясынан «Әдебиет әлемі» сериясымен 2013 жылы жарыққа шыққан эксклюзивті Таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

  Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1969 жылы бітірген. Еңбек жолын аудандық, облыстық газеттерде бастап, республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» басылымдарында қызмет істеді.
   Ол журналист, жазушы, азамат ретінде әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне зор үлес қосты. Жазушының еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Мемлекет тарапынан көптеген марапаттарға ие болды. Туған жерінде жазушы есімімен мектептер, көше, кітапханалар аталды.
   Асқақ адамгершіліктің, Алтай табиғатының ұлы жыршысы, жазушы Оралхан Бөкей «Ұйқым келмейді», «Атау-кере», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Қара қыз» сияқты көптеген әңгіме, повесть, романдардың авторы. Жазушының шығармалары көптеген шет тілдеріне аударылған. Туындыларының желісі бойынша көркем фильмдер түсірілген.

  Тұсаукесерді «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Ботбай Қожамжарұлы жүргізді.

  Тұсаукесерде  Қуанышбай Құрманғали, Жүсіпбек Қорғасбек, Дидахмет Әшімханұлы, Рафаель Ниязбеков, Есімкүл Әлімқұлова сөз сөйлеп,Оралхан Бөкейдің еңбектері туралы өз пікіплерін білдірді, олардың маңыздылығын атап өтті.

  Іс-шараға Оралхан Бөкейдің қаламдас дос-жолдастары, ақын-жазушылар, туған-туыстары, белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

                                                 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование