KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887863
2019 жылы:  21578
бүгiн:  1
қазiр:  76
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.07.2013

  «Қазақстан кітаптары» бөлімінде қазақстандық жазушы, аудармашы Василий Антоновтың туғанына 90 жыл толуына орай «Знаток души казахской поэзии» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Василий Васильевич Антонов (1923-1984 ж.) 1923 жылы 29 шілдеде Көкшетау облысы Арықбалық ауданының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы) Лобаново ауылында дүниеге келген. 1951 жылы С.М Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін  бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
  Жазушы-майдангер В.Антоновтың повестері мен әңгімелері оқырман қауымға жақсы танылған.  Шығармаларының басты тақырыбы – соғыс, Ленинград қорғанысы, блокада және оны бұзу үшін болған шайқастар. Азаматтық борышты өтеу, Отанына адал қызмет ету, бұзылмас берік достық – осының бәрі кеңес сарбазына, автор әңгімелерінің кейіпкеріне тән қасиеттер. 
  В. Антоновтың «Вот, публика» алғашқы сатиралық әңгімелер жинағы 1961 жылы жарыққа шыққан. Кейіннен автордың: «Если останетесь живы» (1962), «Знакомая женщина» (1964), «Оглядись, если заблудился» (1966), «За Ладогой» (1966), «Последний вопрос» (1967), «Журавли» (1983) әңгімелері мен повестері басылып шықты.
  В.Антонов поэзия саласында да жемісті еңбек еткен. Оның «Отзовись, назовись» өлеңдер жинағы 1968 жылы шыққан. Жазушы, сондай-ақ, аударма ісімен де айналысып,  Ж.Тлековтің «Жоңғар даласында», У.Канахиннің «Дәмелі», Ж.Босаковтың «Дүрбелең» романдарын және басқа да шығармаларды орыс тіліне аударған.  
  В. Антонов 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және  медальдармен марапатталған. 

  Көрмеде жазушының өмірі мен еңбек жолы жайында материалдар және оның шығармалары:  «Если останетесь живы» (1962), «Знакомая женщина» (1964), «Последний вопрос» (1967), «Так рождались солдаты» (1970), «На тихом берегу» (1977), «Ночной марш» (1980), «Журавли» (1983), «На войне и рядом» (1985) және т.б. ұсынылған.

  Көрмеге шақырамыз! 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование